Байланысты: Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 1. С. Карно және оның циклдер әдісі.
2. Бенуа Поль Эмиль Клайперон.
3. Энаргияның сақталу және айналу заңы.
4. Алғашқы жекеменшік физикалық лабораториялар.
5. Оқу мақсатындағы мекемелер мен ғылыми мекемелер арасындағы өзарақатынастар.
6. Германия – ғылыми физикалық лабораторияларды жасаудағы көшбасшы.
7. Англияда, Франция мен Ресейде физикалық лабораториялардың құрылуы.
8. Дж. Клерк Максвелл.
9. Максвелл электрдинамикасы.
10. Генрих Рудольф Герц.
11. Электрмагниттік толқындардың ашылуы.
12. Петр Николаевич Лебедев және оның ашуы.
13. А.С. Поповтың өмірі мен шығармашылығы.
14. Радионың ойлап табылуы.
15. Гульермо Маркони.
№17 Дәріс
Дәріс тақырыбы: Энштейннің салыстырмалық теориясы
Дәріс жоспары:
1. Эйнштейн салыстырмалылық теориясы.
2. Электродинамика және қозғалатын ортаның электрондық теориясы.
Қозғалыстағы ортаның электродинамикасы және электрондық теориясы Максвелл дүниеден өтер алдында жердің эфирге қатысты айналуын тәжірибеде анықтау мүмкіндігін астроном Тоддқа арнаған хатында жазып кеткен болатын. Ол үшін керек құралдың сезгіштігі 10/8 болуы керек. Мұндай сезгіштік Максвеллдің ойынша мүмкін емес болды. Максвеллдің хаты 1880 жылы “Nature” ол қайтыс болған соң жарияланды.
1881 жылы американдық жас ғалым Альберт Майкельсон осындай сезгіштікті қабылдайтын құралмен тәжірибе жүргізді. Осылайша Майкельсон тәжірибесі пайда болды.
Альберт Абрахам Майкельсон 1852 жылы 19 желтоқсанда Германияның меншігіндегі польшаның Стрельно қаласында дүниеге келген. Ата- анасы Америкаға көшкенде ол ә жасқа да толмаған еді. Олар Сан-Франциско ауданында тұрды. Орта мектепті Альберт 1869 жылы Сан-Францискода бітірді. Содан ол теңіз академиясына оқуға түсті. Сонда оқып жүріп ғылымға қызыға бастады. Ол физикадан, әсіресе оптика мен окустикадан алдынғы қатарда еді. Теңіздегі қызметі аяқталған соң Майкельсонды академияда физика және химиядан оқытушы етіп алып қалды.
Осында Майкельсон Фуко маятнигінің айналу әдісі арқылы жарық жылдамдығын тәжірибеде алғаш рет өлшей бастады. 1879 жылы “Жарық жылдамдығын тәжірибеде анықтау” статьясы басылып шықты. Америкалық ғылымды жетілдіру Ассоциациясының президенті Ньюком Майкельсонның шеберлігіне тәнті болып,ұлттық ассоцияциядан тәжірибені жалғастыруға қаржы бөлуін сұрады. Ол қаржы бөлініп, екеуі тәжірибені жалғастырды. Алайда Майкельсон өзінің физикадан білімін жетілдіру мақсатында Еуропаға кетуді жөн көрді. Еуропаға кетпес бұрын оны Кейс жоғарғы мектебінің физикадан профессор етіп тағайындаған болатын. Мектеп Майкельсонға демалыс беріп, сол аралықта ол алғаш рет интерферометр моделін Берлинде тұрғызып, кейін Гельмгольц лабараториясында сынақтан өткізді. Алайда ол қаланың шуы құралдың сезгіштігін зерттеуге кесірін тигізіп, Майкельсон құралын Подсдамға алып кетті. Ол өзінің еңбегін 1881 жылы “жерге қатысты қозғалыс” статьясында жариялады.
Америкаға оралған соң профессорлық қызметін бастады. Осы жерде ол көрші университетің химиядан профессоры Эдвард Морлимен біріге отырып тәжірибесін жалғастырды. Физоның нәтижесін өте жоғарғы дәлдікпен тәжірибеде 1851 жылы көрсетті. Осы тәжірибеден кейін Майкельсон Чикагодағы университетке ауысты, 1894 жылы осында Райерсонов физикалық лабороториясы ашылды. Өмірінің соңына дейін ол сонда жұмыс жасады. Майкельсон 1931 жылы 9 мамырда қайтыс болды. Өлерінің алдында ол бірнеше ай алдын Пасадендегі конференцияда Энштейнмен кездескен болатын.
“Жердің қозғалуының жарықтың пайда болуына әсері ” статьясында Г.А. Лоренц Майкельсонның тәжірибесін жариялады. 1887 жылы француз тілінде басылып шықты. Осы статьядан соң Лоренц өзінің ортаның қозғалысының электродинамикағы және оптикадағы жұмыс жүйесін бастады. Ол Майкельсон мен Морли жасаған тәжірибенің қателігін анықтады. Бұл сол уақытқа дейін, тек 1890 жылы Герц тәжірибесінен басқа қалыптасып қалған теориялардың дұрыс еместігін дәлелдеді.
1895 жылы Лоренцтің “қозғалыстағы дененің оптикалық және электрлік тәжірибе теориясы” атты үлкен көлемдегі еңбегі шықты. Осылайша Лоренц электрондық теорияның негізін қалады.
Генрих Антон Лоренц 1853 жылы 18 шілдеде голландық Арнхем деген шағын қалада дүниеге келген. Ол Лейден университетінде оқып, докторлық дәрежесін 1875 жылы алды. Сол жерде теориялық физиканың профессоры болды. 1823 жылы Гарлемдегі ғылыми институттың директоры болып тағайындалды. 1923 жылы 4 ақпанда қайтыс болды.
1900 жылы атақты француз математигі және астрономы Анри Пуанкаре Парижде өткен конференцияда Лоренц салыстырмалылық теориясына немқұрайлылығы үшін тіл тигізді, себебі Лоренц еңбегінде салыстырмалылық теория туралы ешқандай мәлімет жоқ болатын.
Лоренц, Лармор, Пуаркере өздерінің теорияларын эфир концепциясына сүйене отырып, тек классикалық электродинамика бағытында қарастырды. Ал салыстырмалылық теориның негізін салушы Энштейн.