Байланысты: Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)
Иоганн Кеплер 1571 ж. 27 желтоқсанда Вейля қалашығында дүниеге келген. Әкесі Генрих Кеплер қарапайым солдат болған. Отбасындағы жағдай дұрыс болмаған соң, Генрих отбасын тастап кетеді. Сондықтан Кеплер атасының қолында өседі. Алты жасында атасы оны мектепке береді. Біраз жылдардан соң әлсіз, аурушаң баланы шіркеу мектебіне беріп,, ол екі жылдан кейін мектепті жақсы аяқтап шығады. Шіркеу мектебінен Кеплер жоғары санатты рухани мектепке ауыстырылады, ал үш жылдан кейін қабілетті оқушы ретінде Тюбингендік семинарияға қабылданады. 1591 ж. 11 тамызда бітіріп, Тюбинген академиясының стипендианты атанады. Кеплер алдында діни мансапқа жол ашылады.
Сол уақыттарда астрономия мен математикадан сабақты Тюбингенде үздік педагог Местлин беріп жүрген болатын. Ол коперник ілімін жақтаушылардың бірі болған. Местлин Кеплердің бойындағы астрономияға деген қызығушылықты оятқан және Коперниктің кітабымен таныстырған болатын. Сол уақыттан бастап Кеплердің дінге деген мансабы тоқтады. 1593 ж. академияны бітірген соң Кеплердің керемет білімі мен қабілетін растайтын өте жақсы аттестат беріледі. Ол Граце училищесінде математикадан және философиядан оқытушы қызметіне тағайындалады. Кеплер тек сабақ берумен ғанашектелмей, күнтізбе, жұлдызнама және ғылыми жұмыстар жасаумен де айналысқан.
Осы жылдары Кеплерді планеталар орбиталарының арасындағы сандық қатынастар жайлы ой мазалайды. Сол кезде Жерді қосқанда планеталардың саны алтау еді.
Кеплер өзінің алғашқы ғылыми еңбегін 1569 ж. «Космографиялық құпия» деген атаумен шығарды. Ол бұл кітапты атақты дат астрономы Тихо Брагеге (1546-1601 жж.) және итальяндық астроном Галилейге жіберген. Коперниктің жүйесін қабылдамаған Тихо Браге Кеплердің негізгі идеясына суық қарайды. Бірақ Кеплердің бойындағы есептеуге деген қабілеттілігін бағалап, оны өзімен бірге жұмыс жасауға шақырады.
Осы уақыттарда Кеплердің жағдайы саяси оқиғаларға байланысты қиындай түсті. Католиктік реакция күшейіп, протестант Кеплерге Венгрияға қашуға тура келді.
Прагаға көшіп келген Тихо Браге Кеплерді өзінің қасына шақырады. Тихо Браге біраз уақыттан кейін қайтыс болғандықтан, Кеплер онымен бірге көп жұмыс жасай алмады. Брагенің отыз бес жылғы бақылаулары жазылған журналы Кеплердің қолына түсіп, ол осы материалдарды өңдеуге кіріседі. Кеплер оптиканы (Вителлоның трактаты бойынша) оқи отырып, бірнеше сұрақтарды қайта қарап, «Дополнение к Вителло» (Вителлоға қосымша толықтырулар) атты шығармасын жазады. Сонымен қатар Кеплер Марс орбитасына берілген анықтамамен айналысты. Алғашында ол да Коперник сияқты орбитаны домалақ деп ойлады. Сосын Кеплер орбитаның пішіні сопақ екенін түсінді. Ақырында көптеген есептеулердің нәтижесінде орбитаның шынайы пішінін анықтайды: эллипс, фокусында Күн орналасқан. Кеплер өзінің барлық есептеулерін, Птолемей және Тихо теорияларына сынды, барлық қателіктер мен сәтсіздіктерді 1609 ж. Прагада жарық көрген «Новая астрономия» (Жаңа астрономия) кітабында жазған.
1610 ж. Кеплердің жұбайы мен ұлы қайтыс болады, ол екі баласын өзі асырап, бағады. Дәл осы жылы Галилейдің Юпитердің төрт серігін ашқанын және көру түтігін ойлап тапқанын біледі.
1611 ж. Кплердің оптика саласы бойынша «Диоптрика» атты жаңа шығармасы жарық көреді. Ол бұл шығармасында телескоптың құрылымын сипаттайды, линзалардағы сәулелердің жолын қарастырады, жарықтың оптикалық тығыздығы жоғары ортадан, оптикалық тығыздығы төмен ортаға өткенде толық ішкі шағылу құбылысы байқалатындығын жазған. 1619 ж. планеталар қозғалысының үшіні заңы жайлы «Гормония мира» (Әлем үндестігі) шығармасы жарыққа шығады. Кеплердің планеталар қозғалысы жайлы ғылыми жолында қойған мәселе осы шығармасында шешілді 1630 ж. 15 қарашада Иоганн Кеплер өмірден өтеді.
Галилео Галилей
Коперниктің жүйесі үшін кұрестегі шешуші қадамды және жаңа дүниетанымды Галилей жасады. Ол Коперниктің жүйесін физикалық тұрғыдан негіздеді. Галилео Галилей 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик и астроном, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Галилей Галилео – италиялық физик, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары тыйым салған соң (1616), ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
ГАЛИЛЕЙ Галилео (15.2. 1564, Италия, Пиза — 8.1. 1642, Флоренция маңындағы Арчетри қаласы) — италиялық физик, механик, астроном, табиғат тану ғылымдарының негізін салушы. Кедейленген ақсүйек отбасында туған. Әкесі Винченцо белгілі музыкант болған. Галилейдің үлкен оқымысты болуына әкесінің ықпалы тиген. 11 жасына дейін Пиза қаласында тұрып, кейін отбасы Флоренцияға көшеді. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке (горизонтқа) бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. 1609 жылы Галилей өзінің алғашқы телескопын құрастырады. Ол осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің 4 серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары Н. Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы " Әлемнің екі жүйесі диалогы" деген еңбегін ) 2 күнде жазды. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. 1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей 17 ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті.
Гидростатикалық таразылар оның алғашқы өнертабысы болды. Олар қатты денелердің ауырлығы мен тығыздығының орталығын анықтауға, металл қорытпаларының құрамын анықтауға арналған. 1586 жылы Галилео "Гидростатикалық таразылар" шығармасында олардың әрекет ету принципі мен мақсатын сипаттады, соның арқасында ол ғылыми ортада танымал болды. Дәл осы алғашқы даңқтан кейін оны Гвидобалдо дель Монте маркизі патронаттай бастады.
Гидростатикалық таразылар алғашқы өнертабыс болса, термометр сонымен қатар Галилейдің өнертабысы болып саналады. Телескоп-Галилейдің ең танымал өнертабыстарының бірі.. Компас ғалымның жаңа өнертабысы ретінде 1606 жылы Академияда ұсынылды. Ол түтіктерді ғылыми мақсатта қолданды. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.
№9 дәріс