Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет40/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#117080
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)

Александра Андреевна Глаголева-Аркадьева 1884 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. 1910 жылы Мәскеудегі Жоғары қыздар курсының
математикалық бөлімін бітіргеннен кейін физика кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады. Оның алғашқы жұмыстарының бірі радиотехникаға арналған. Соғыс жылдары денедегі оқтың, басқа сынықтардың және т.б. орналасу тереңдігін анықтауға болатын рентгеностереометр – аспабының құрылысын ойлап шығарды.
A.А. Глаголева-Аркадьева өзінің массалық сәуле шығарғышымен және онымен өлшеу әдістемесімен өмірінің соңына дейін айналысты. Ол 1945 жылы 30 қазанда өмірден өтеді.
В.К. Аркадьев кеңес елінің бірнеше магнитологтары мен радиофизиктерін тәрбиелеп
шығарды. Оның мектебінен Б. А. Введенский, К. ф. Теодорчик, Н.Н. Малов және т.б. радиофизиктер; Н.С. Акулов, Е.И. Кондорский және т.б. магниологтар шыққан.
В.К. Аркадьев және өзінің әріптестері «стиктография» деп атаған фотосуреттің электромагниттік аналогын өңдеп шығарды.
Максвеллдің жарықтың электромагниттік ториясы оның ғылыми жолының негізі болды. В.К. Аркадьев 1953 жылдың 1 желтоқсанында қаза болады.
А.К. Тимирязев Қазан төңкерісінен кейін Мәскеу физиктерінің арасында маңызды орын алған Аркадий Климентьевич Тимирязев.
А.К. Тимирязев Мәскеуде 1880 жылы 19 қазанда дүниеге келген. Ол атақты орыс ботанигі Климент Аркадьевич Тимирязевтің ұлы болған.
К.А. Тимирязев өзінің өсімдіктер физиологиясында физиканың қорытындылары мен әдістерін кеңнен қолданып, бұл ғылымды жоғары бағалайтын. Ол өзінің жалғыз ұлы физик болса екен деп армандаған. К.А. Тимирязевтің достарының көбі Мәскеу университетінің атақты физиктері А. Г. Столетов және П. Н. Лебедев болған. Болашақ физик осы атақты адамдардан аса үлкен әсер алып жүрді. Гимназияны бітіргеннен кейін ол Мәскеу университетінің математикалық бөліміне түсіп, өз мамандығы физиканы таңдап, П.Н. Лебедевпен бірге
жұмыс істей бастады.Тағы бір ұстазы болған Столетовтің оқушысы Николай Петрович Кастерин (1869—1947) болды. Шет елдегі физиктерден 1909 жылы әкесі таныстырған Д.Д. Томсон болды.
А.К. Тимирязев Д.Д. Томсон және Л. Больцман іспеттес материалист болған.
А.К. Тимирязевтің ғылыми жолы көптеген жылдар бойы оқып келген негізгі пәні болған газдардың кинетикалық теориясы облысынан болды. Оның 1917-1918 жж. Мәскеу университетінде оқыған дәрістерінен құралған 1923 жылы алғашқы баспадан шыққан «Материяның кинетикалық теориясы» атты кітабы осы пәннен алғашқы кеңес оқулығы болды.
Тимирязевтің зерттеу пәні сиретілген газдардағы құбылыс: ішкі үйкеліс және температуралық өзгеріс болды.Тимирязев сырғанау коэффициенті мен температуралық өзгеріс арасындағы байланысты Максвеллдің теориясын қолданып, 760-тан 0,001 мм.сын.бағ. аралығы облысындағы қысымда экспериментті түрде зерттеген. Ол Кундт пен Варбургтің зерттеулерімен сәйкестік тапқан.
Ауамен және көмірқышқыл газымен жасаған тәжірибелері осыны дәлелдеді. Тимирязевтің зерттеулері 1913 жылы неміс тілінде жарыққа шығып, 1914 жылы Петербург университетіне магистерлік диссертация ретінде ұсынылады. Оппоненттер О. Д. Хвольсон мен Н. А. Булгаков жоғары бағалайды да, Тимирязев магистр дәрежесін алады.
А.К. Тимирязев өмірінің соңғы жылдарында физика тарихы кафедрасының меңгерушісі болады. Оның М. В. Ломоносов, А. Г. Столетов, П. Н. Лебедев және т.б. бірқатар оқымыстылар туралы жазған мақалалары бар. Ол А.Г. Столетов пен П.Н. Лебедевтің таңдаулы еңбектері еңген А.Г. Столетовтің үш томды шығармалар жинағының редакторы болды. Оның редакциясымен С. Кудрявцевтің «Очерки по истории физики в России», «История физики» П. (т. I, 1948) кітаптары жарық көрді. А.К. Тимирязев 1955 жылы 15 қарашада қаза болады.
Леонид Исаакович Мандельштам 1879 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Балалық шағы Одессада өтеді, сол жерде университетке түседі. Алайда университетте көп болмай, студенттер арасындағы «тәртіпсіздікке» қатысқаны үшін 1 курстан шығып қалады. Сол 1899 жылы университеттен шығып қалып, Страсбургке кетіп қалып, Карл фердинанд Браундтың (1850-1918) қол астында оқиды.
Л. И. Мандельштамның Страсбургте болған уақыты – жас радиотехниканың даму жылдары болатын. Л.И. Мандельштам радиотехниканың мәселелеріне белсенді қатысады.
Л. И. Мандельштам антенна мен тербеліс контуры арасындағы байланыстың әлсіз қасиеттері туралы ашылу жасайды. Ол уақытта бұл байланысты күшейту қажет болды, ал Мандельштам қабылдауды күшейту және селективтілікті жоғарылату үшін, керісінше, осы байланысты әлсірету керектігін көрсетті. 1902 жылы Мандельштам «Конденсатордың тербелмелі разрядының периодын анықтау» деген еңбегімен докторлық диссертациясын қорғайды. Ол Браунмен бірге
«Сименс және Гальске» фирмасы дайындайтын Браунның сызбасы бойынша радиоқұрылғылардың зертханалық және техникалық зерттеулеріне қатысады. 1903 жылы Страсбургтегі физикалық институттың ассистенті болып қызмет атқарып, Страсбургке келген бастаушы оқымыстылар мен докторанттардың зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Радиотехника мен радиофизикамен қатар, оның оптикаға да көңілі ауады. Жарықтың шашырау теориясы Мандельштамның келесі зерттеуіне айналып, жаңа шашыраудың рэлеевтік емес формасын ашуға әкелді.
Келе жатқан соғыстың әсерінен Л. И. Мандельштам Германияны тастап, Россияға қайтуына тура келеді. Ол Одессада, Петроградта, тағы да Одессада жұмыс істеп 1922 жылы Мәскеуге Орталық радиозертханасына консультант ретінде қабылданып көшіп келеді. 1925 жылы Мәскеу университетінің теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болады. Осында ол үлкен жаңа тербелістердің бейсызық теориясы бойынша жаңа ғылыми облысын бастайды. Осы облысты зерттейтін мектеп құрады. А. А. Андронов, А. А. Витт, С. Э. Хайкин, М. А. Леонтович және т.б. осы облысқа зор үлестерін қосты.
1929 жылы Мандельштам КСРО ғылым Академиясына мүше болып қабылданады.
Мандельштам 1944 жылдың 27 қарашасында қаза болады.
Петроградта кеңес физикасын құрғандар, физика-техникалық институтты ұйымдастырушы А. ф. Иоффе және Оптикалық институтты ұйымдастырушы Д. С. Рождественский болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет