Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет4/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Ежелгі шығыстағы физика элементтері Месопотамия және Египет
Біздің эрамызға дейінгі (III-I мыңжылдықтарда) Тигр, Ефрат және Нил өзендері жағасында тұрған халықтар туралы көптеген мәдени мәліметтер бар. Бірақ физика ғылыми саласы бойынша ешқандай құжаттық мәліметтер жоқ. Тарихшылар жазбаша мұралардың толық зерттелмеуінде деп түсіндіреді. Кейбіреулер ондай мәліметтер ауызша беріліп келген деген ой айтады. Мүмкін сол кездегі қоғамдық-саяси құрылым әр түрлі құбылыстар туралы ашық пікір айтуға мүмкіндік бермеген болар.
Шумер-вавилон мәдениеті. (Шумерлер Оңтүстік Месопотамияда өмір сүрген тайпа, казіргі Ирак) Бізге дейін келіп жеткен ассиро-вавилондық (Ассирия б.э.д. 17-7 ғасырларда болған мемлекет) астрономиялық ескерткіштер, ол кездегі астрономдардың тыңғылықты және жүйелі бақылаулар жүргізгендігін көрсетеді. Кейбір астрономиялық кестелерде цифрлардың бағынатын қарапайым тәуелділігін табуға тырысқандық байқалады, олар тұтылуларды алдын ала айтуға тырысқандық байқалады. Бұл жерде практикалық мәселелерді шешу мүмкіндігі туады.
Вавилондықтар уақытты өлшеуді дәл әдістерін тапқандығы көрінеді. Олар күн сағатын, сонымен бірге су сағатын да жасаған. Вавилондықтардың күн сағаттары уақытты көлеңкенің ұзындығына емес, бағытына қарап анықтаған, ол дәлірек болады, себебі сезімталдығы тұрақты болып қалады.

Вавилондықтар бұрышты бірнеше минутқа дейінгі дәлдікпен анықтаған. 1/6 тәулікке тең “суссу” деген уақыт өлшемі су сағаты көмегімен анықталған, онда судың көлемі емес, сол уақытта ағатын су салмағы өлшенген. Салмақ өлшем бірлігі ретінде 1 мина алынған, ол 1 суссу кезінде ағатын су салмағы. Бізге дейін келіп жеткен вавилон таразысы және жүкшелері өлшеудің техникасы жоғары болғандығын көрсетеді.


Вавилонда физикалық бақылаулардың және техникалық тәжірибелердің “эмпирикалық физикасы” қолданылғанымен, Вавилонда физика жүйелі ғылыми дәрежеде болған жоқ және болуы да мүмкін емес еді.
Ежелгі Египет мәдениеті. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, Ежелгі Египетте математика мен астрономия дамуы шумер-вавилондардыкінен едәуір төмен болды.
Ежелгі Египеттің “эмпирикалық физикасына” келсек, оларды архитектуралық ескерткіштерден, қолөнер бұйымдарынан көруге болады, олар шумер-вавилондардыкінен озықтау деп қорытынды жасауға болады. Машықтықпен жасалған зергерлік бұйымдарға көңіл аударсақ, олар кейбір металдардың, қымбат қорытпалардың, тастардың және эмалдердің қасиеттері туралы білімдерді тиімді пайдалана білген. Орасан зор пирамидалар көлбеу жазықтықты, иіндерді, сыналарды және блоктарды пайдаланып соғылған.
Ежелгі Қытай
Ежелгі Қытайдың физикалық ілімнің пайда болуы туралы деректер соңғы кезге дейін белгісіз болып келді. Ол туралы 1962 жылы шыққан ағылшын синологы (Қытай тілін білуші, зерттеуші) Джозеф Нидэмнің “Қытайдағы ғылым және цивилизация” деген еңбегінен кейін ғана белгілі болды. Қытай б.э.д. XI-XII ғ. 1800 патшалықтан тұрған, ал VI ғ. өте көп соғыстардың нәтижесінде 140 патшалық болды.
Физикалық білімдер туралы негізгі мәліметтерді б.э.д. 450-250 жылдары шыққан екі кітаптан алуға болады “Мо Ди немесе Мо-цзы. Мо мұғалімнің кітабы).
Физикалық көзқарастар. Мо Ди және оның оқушыларының механика мәселесінде айтқандарының маңыздылығын байқаймыз.
Олардың күш туралы түсінігі анық болған: “Күш дегеніміз формасы бар (яғни қатты денелерді) заттарды қозғалтуға мәжбүр ететін нәрсе”.
“Ауырлық дегеніміз күш. Бір заттың құлауы немесе басқа бір нәрсені көтеру, ауырлық жасайтын қозғалыс болады”.
Олардың қарсы әсер туралы да көзқарасы болған. “Егер қарсы әсер күші болмаса, қозғалыс ешуақытта тоқтамайды. Бұқа – ат еместігі қандай дұрыс болса, бұл айтқандарымыз да сондай дұрыс”, деп айтылған.
Ежелгі Грециядағы ғылымның дамуы
Ежелгі Шығыс ғылымының маңызы зорлығына қарамастан, Ежелгі Греция ғылымның нағыз отанына айналды. Осы жерде ғылыми әдіс дамыды. Егер Египет, Вавилон жылнамашылары есептеу ережелерін тұжырымдау кезінде “былай жаса” деп жазды, неге олай жасау керек екендігін түсіндірмеді, ал грек ғалымы неге олай жасау керектігін дәлелдеп бақты. Ежелгі Грецияның алғашқы философтары Фалес, Демокриттер болды. Осы жайында Атомистиканың негізін қалаушы Демокрит былай деп айтты: “Парсы патшалығын иеленгеннен гөрі, мен үшін бір ғылыми дәлелдеме тапқаным артық”. Қазіргі ғылымдар атаулары: математика, механика, физика, биология, география және т.б.; ғылыми терминдер (масса, атом, электрон, изотоп және т.б.) грек тгрек тлінен алынған. Фалес, Пифагор, Демокрит, Аристотель, Архимед, Евклид, Птолемей және басқалар сияқты грек ғалымдарының аттары әдебиетте жиі кездеседі.
Ежелгі Грецияда адамдар ғылыммен оның қажеттілігіне бола айналыспады, ғылыммен айналысу “қызық” болды, ол қуаныш әкелді. Ғалымдар алғашында философтар деп атала бастады, яғни “данышпандыққа құмарлар”. Грек қоғамында данышпандық мұғалімдеріне қажеттілік туды, оны қанағаттандыру үшін ғалым және мұғалім кәсібі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет