Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет31/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Кванттың ашылуы Рентген сәулесінің (Рентген,1895 жылы),радиоактивтіліктің (Беккерель,1896 жылы) электронның (Томсон, 1897ж),радийдің (пьер және Мария Кюри 1898ж) ашылуы атомдық және ядролық физиканың дамуының бастауы болды. 1899 жылы Э.Резерфорд радиоактивтілік жайлы үлкен мақала жариялады.Ол уран және торийдің сәулелерінің құрамы күрделі екендігін және сәулелерге бөлінетіндігін көрсетті (кейіннен сәулесі қосылды).Бұл радиоактивті шашыраудың күрделі екенін көрсетеді.1900 жылы адамзатқа белгілі жылулық шашырауын зерттей келе,Макс Планк атомдық құрылысын ашты. ғасырда «Жылулық сәуле»-нің бар екендігін химик Шееле ашты.В.Гершель көрінерлік спектрдің қызыл бөлшегінен көрінбейтін жылулық сәулені ашты.Кирхгоф өзінің атымен аталған жылулық шашыраудың негізгі заңын ашқаннан кейін,1859 жылы жылулық шашыраудың теориясы басталды,ол абсолют қара дененің түсінігін қалыптастырды.Кирхгоф өзінің заңын ашқаннан кейін, 20 жыл өткен соң Стефан Жозеф қара дене шығаратын толқын ұзындығының жалпы энергиясы дененің абсолют температурасының 4 дәрежесіне тура пропорционал.Сол пропорционал коэффициент универсал константа болып табылады.Стефан өзінің заңын 1879 жылы ашты.Ал 1884 жылы Стефанның шәкірті Людвиг Больцман жарық қысымына сүйеніп температураның шашырау принципіне қолданып,Стефанның теориялық заңын шығарды.Осы кезден бастап Стефан-Больцман заңы деп аталды(сонымен қатар Стефан-Больцман тұрақтысы).Осы жолда материяның кинетикалық теориясына сүйене отырып,орыс физигі В.А.Михельсон 1887 жылы қатты дененің спектрлік шашырау энергиясының бөлінуін теориялық жағынан түсіндіруін бастады. Михельсон жұмысы «спектрлік шашырау энергиясының бөлінуін теориялық жағынан түсіндіру тәжірибесін» 1887 жылы қаңтарда «орыс физикалық-химиялық ұйым» журналында жарияланып,француз және ағылшын тілдеріне аударылды.
Владимир Александрович Михельсон 1860 жылы 30-маусымда Подольдік губерниясында дүниеге келген.Мәскеуде жеке меншік гимназияны бітіріп,1878 жылы Петербург университетіне тұсті.Дегенмен,кейінірек ол физика жағына жақын екенін ұғынып,Мәскеу университетіне ауысады.А.Г.Столетов Михельсонның дарынын байқап,1883жылы университет бітіргеннен кейін кәсіби білімін
жетілдіруге қалдырады.1887 жылы Михельсон шетелге барып,Гельмгольц лабораториясында «аралас газдардың шытырлап жануының қалыпты жылдамдығы» атты магистрлік диссертациясымен жұмыс жасады.Бұл диссертациясы жоғары бағаланып,Столетов ұсынысымен кеңес физика-математика факультетінің докторлық дәрежесі берілді.Михельсон Мәскеу ауыошаруашылық институтының метеорология және физика кафедрасының профессоры болып таңдап алынды. Михельсон Ресейде метеорологиялық бақылауды ұйымдастыруда үлкен жұмыс бастады.Оның жобасымен мет еорологиялық обсерватория салынып,қазіргі кезде ол соның атымен аталды. Михельсон 1827 жылы 27-ақпанда дүниеден озды.Бірақ Михельсон жанасу заңын түсіндіре алмады,дегенмен осы заңды Вильгельм Вин Михельсон жұмысына сүйене отырып дәл анықтады.
Борис Борисович Голицын 1862 жылы 2 наурызда дүниеге келген,ол ескі титульдық дворян тектен шыққан. Ол өзен корпусында тәрбиеленіп,оны 1880 жылы гердемарин дәрежесінде бітіріп шықты.Өзен академиясында оқыды,сосын Петербург университетіне түсуге талпынды.Орта дәрежелі аттестатының болмағандығынан ол түсе алмады. Голицын Кундтуға Страсбургке кетіп қалды,осы жерде ол П.Н.Лебедевпен кездесіп дос болды.Страсбургте ол философиядан доктор дәрежесінде «Дальтон заңы» атты диссертациясын қорғады.Ресейге оралғаннан кейін Петербург университетіне магистрлік емтихан тапсырып,Мәскеуге жолдама алып сол жерде университеттің приват-доценті болды.Ол көрсеткен «математикалық физиканы зерттеу» атты магистрлік диссертациясы орыс ғылымының ауыр тарихының бастауы болды.Көпшілік жолы болмағыш доцент санайтын Голицын Петербург Ғылым Академиясының Столетов таңдап алды.Бірақ бұл таңдау оған қасірет әкелді,академиялық қақтығыс әсерінен әлсіреген Столетов тұмаудан қайтыс болды.
Голицын сейсмологияны зерттеуде аты шыққан академик 1916 жылы 16 мамырда Голицын қаза болды.
Макс Планк 1858 жылы 23 сәуірде Кильск университетінің заңгер факультетінің профессоры Вильгельм Планк тобасында дүниеге келген.Макс 9 жасында отбасы Мюнхенге көшті.Ол алдымен Мюнхенде,кейін Берлин университетінде оқыды,сонда Планк лекция оқыды,оны Кирхгоф,Гельмгольц,Вейерштрасс тыңдады.Ол термодинамикаға қызықты,әсіресе өзінің екінші заңына бұл қызығы өмір боцына сақталып қалды.Мюнхенге оралған соң жоғарғы оқу орнына
қызметке тұру үшін емтихан тапсырды.Планк 1879 жылы «жылудың механикалық теориясының екінші заңы» атты докторлық диссертациясын қорғады. Мюнхен университетінде доцент қызметінде жүріп,теориялық физикадан лекция курсын құрастыра бастады.1887 жылы Геттинген университетіне философия факультеті сыйлығына конкурсқа шығарма жазды.Осы шығармасы үшін Планк сыйлыққа ие болды. 1879 жылы термодинамикадан бірінші лекциясының басылымы басылып шықты.Бұл классикалық физикасы бірнеше рет басылып шығып,шетел тілдеріне ,сонымен қатар орыс тіліне аударылды,ол кезге дейін Планк Берлин университетінде профессор болған және Прусс ғылыми академиясының мүшесі болды.
1906 жылы Планктың «жылулық сәулелену теориясынан лекция» атты классикалық монографиясы жарық көрді.Осы кітабы орысшаға аударылып,1935 жылы «Жылулық сәулелену теориясы» атты атаумен шықты.1918 жылы Макс Планк физикадан квантты ашқаны үшін,Нобель сыйлығын иеленді.Планктың кейінгі өмір жолы қиындыққа толы болды.І дүниежүзілік соғыс кезінде оның ұлы қайтыс болды,және екі қызы да дүниеден озды.1945жылы соғыс кезінде оның үйі бомбаланып,оның бүкіл өмірінде жинақталған кітапханасы да жойылды.Планк 1947 жылы 4 қазанда дүние салды,шамамен 90 жыл өмір сүрді.Оған 40 жыл болғанда,ерлі-зайыпты Кюрилер радийді ашты,ал 42-ге келгенде υ-ге ε=hυ болатын порцияны енгізді. h-Планк тұрақтысы.
Сәуле шығару заңының тарихы XX ғасырда дамыды.Планктың өзі ұсынған гипотезасын классикалық тұрғыдан деп есептеді,бірақ олац болмай шықты,осылайша кванттық физиканың дамуы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет