Оқу құралдарын модификациялау. Қосылу (ену) процесінің нәтижелі болуына жету үшін баспа материалдарын (оқу құралдары) өзгерту және модификациялау керек. Қазіргі сыныпта тілді зерттеу - оқу мен жазу бойынша көптеген жаттығуларды орындаумен бекітілетін маңызды міндеттердің бірі. Оны шешуде «қиын оқылатын» оқу құралдарын қолданбаған дұрыс. Бір балалар үшін шрифтті үлкейту керек, басқалары үшін – аралық көрсеткішті екі есе үлкейтіп, шрифттің басқа түрін қолданған дұрыс. Мұндай өзгерістер қабылдау процесін жеңіл әрі нәтижелі етеді, ал оқу құралдары «ұнамды» болады және де мүмкіндігі шектеулі баланың оқу процесіне көп күші жұмсалмайды.
Оқу құралдарын модификациялау тәсілдері:
Оқуға жеңілдету;
Шрифтпен немесе түстермен маңызды белгілерді бөліп көрсету;
Қажетсіз мәліметтерді қысқарту;
Көру қабылдауына әсер ету: суреттер, диаграммалар, сызбалар, иллюстрациялар;
Материалдың тілдік құрылымдарды және күрделі емес сөздікті қолдану;
Селективті мәтіндерді қосу (көкейкестілік, тәжірибелік пайдалы);
Альтернативті материалдарды қолдану (видео, диаграммалар, модельдер);
Жаңа материалдарды енгізу;
Оқушыларға күнделікті үй тапсырмаларын дайындау.
Оқу құралдарын модификациялауда мұғалімдер олардың мағыналық бөлімін үнемі назарда ұстаулары қажет. Кейбір жағдайларда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға негізгі оқу жоспары материалының тек қажетті сәттеріне тоқталу керек. Жалпы, инклюзивті мектепте білім беру мазмұнының барлық бірліктерін: оқулықтар мен оқу бағдарламаларын модификациялау мен бейімдеу қажет. Сондықтан олардың бірқатары мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жарамайды және де балалардың сынып жұмысына толыққанды қатысуына кедергі болады. Мұндай оқушылар үшін материалдарды олардың танымдық даму деңгейіне, қарым-қатынас дағдыларына сәйкес жинақтау қажет.
Оқытудың инклюзивті стратегиялары:
жағдаяттарды модельдеу мен тәжірибелік тапсырмаларды қолдану;
қадамдық нұқауларды пайдалану;
тәжірибеде тексерілген ой-пікірлер мен концепцияларды жаттау;
рольдік ойындарды қолдану;
интерактивтілікті жоғарылату – оқушыларға көрнекі құралдарды тарату және үнемі байланыста олармен жұмыс жүргізу;
мадақтаудың түрлі тәсілдерін қолдану (ұпайлар, сертификаттар, жұлдызшалар және т.б., сонымен қатар нәтижелерге жетудің көрнекі сызбалары);
нақты жетістіктерге жетуде мадақтауларды жиі қолдану;
оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану – енжар оқу немесе тыңдаумен шектелмеу, қол астында барды қолдану және модельдер, видеобаспалар мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалану;
тапсырмаларды аяқтауға қосымша уақыт беру;
жиі сұрақтар қою, сұрақтардың күрделілік деңгейі түрлі болуы керек;
талқылауға оқушылардың басым көпшілігін қосу үшін белсенділікті қолдау, көмек беретін сұрақтар қою;
тапсырмаларды орындаудың түрлі тәсілдерін қолдану (жазбаша жауаптармен шектелмеу, диаграммалар құру, модельдер құрастыру, таспаға түсіру және т.б.);
оқушылардың жекетұлғалық қасиеттері мен қызығушылықтарын пайдалануды қолдау;
жекетұлғалық қасиеттерді, іскерліктер мен білімдерді қолдануы қажет тапсырмаларды оқу жоспарына қосу;
метакогнитивті бағытты мәселелік оқытуға тән бағыттармен қатар қолдану (бұл жағдайда маған ұалай көмек беруге болады? Бұл мәселені мен басқа қандай жолдармен шеше аламын?);
өзіндік бақылауды қосу (өзін бақылау, өз қателіктерін түзету, өзін белсендендіру, мақсат қою);
бағаланатын креативті тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану (презентациялар, көрмелер);
тікелей бақылау мен бағалауды оқыту стратегияларына интеграциялау.