Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Ұлттық психология үш негізгі компоненттен тұрады



бет15/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106
Байланысты:
Дәріс тер тезистері. пос версия Психология ( модуль) docx (копия)

Ұлттық психология үш негізгі компоненттен тұрады:

  • Ұлттық мінез;

  • Ұлттық мүдде;

  • Ұлттық сана-сезім;

Ұлттық мінез – құлық әрбір этностың өзіне тән мінезінің бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы бітістері. Ұлттық мінез құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келетін биологиялық құбылыс емес. Себебі: тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік дүние емес. Олар құбылыстар, сондықтан да өзгеріске ұшырап отырады.
Ұлттық сана-сезім - адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз да реңкте болуы мүмкін.
Ал, ұлттық психологияның құрылымына мыналар жатады:

  • ұлттық мінез;

  • ұлттық сана- сезім;

  • ұлттық қызығушылық;

  • әдет-ғұрып;

  • ұлттық бағыт.

Негізгі әдебиеттер
1. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. Алматы «Литера», 2003.
2. Әмірова С.А. Этнопсихологияның зерттеу әдістері.
3. Бороноев А.О. Основы этнической психологии. СПб, 1991.
4. Вундт В. Проблемы психологии народов. М.,1912.
5. Баронин А.С. Этническая психология. Киев,2000.
6. Гачев Г. Национальные образы мира. М., 1987.
7. Гаджиев А.Х. Проблемы марксистской этнической психологии. Ростов-на-Дону,1982.
8. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. Л.1989.
9. Даждамиров А. Нация и личность. Баку,1989.
10. Джандильдин Н Природа национальной психологии. А.,1971.
11. Есенова Н.Ұлттық психологияның құрылымы. //Қазақстан мектебі.,1979.
12. Елікбаев Н. Ұлттық психология. А.,КазМУ,1992.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
A) Психология
B) Әлеуметтік психология
C) Философия
D)& Этнопсихология
E) Социология
*****
Этнопсихология термині қай елден шыққан?
A) араб
B) ағылшын
C)& грек
D) итальян
E) неміс
*****
Этнопсихология нені зерттейді?
A)& Халықтардың жалпы ерекшеліктерін
B) бір халықтың құрылымын
C) адамның психикасын
D) тек экономикалық жағдайын
E) халық қарым-қатынасын
*****
Әр халықтың өзімен-өзі болып, тек қана өзіне ғана тән қасиеттер мен салалардан тұратын құбылысты қалай атайды?
A) этникалық мінез
B) этникалық құбылыс
C) этникалық қиял
D)& этникалық парадокс
E) Дұрыс жауап жоқ
*****
Этнопсихологиялық пәнаралық байланыстан құрылған бағыттары қалай аталады?
A) қосалқы бағыт
B) ұштастырылған бағыт
C)& өздік бағыт
D) ауыспалы бағыт
E) философиялық бағыт
*****
Ойлау, сөйлеу, ес, эмоция сияқты психофизиологиялық процестерді этникалық ерекшеліктері қай салаға жатады?
A)& жалпы және әлеуметтік психология
B) этнология
C) мәдениеттану және әлеуметтану
D) психология
E) генетикалық психология
*****
Этнопсихологияны зерттеудің аспектілері нешеге бөлінеді?
A) 3
B)& 2
C) 4
D) 5
E) 1
*****
Халық, ру, тайпа сөздерін ғылыми тілде бір сөзбен қалай атайды?
A)& этнос
B) халық
C) ел
D) топ
E) ұжым
*****
Барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып табылатын өз этнос қауымының салт-дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруіне басқалардан артық көру.
A) Шовинизм
B) Маргинал тұлға
C)& Этноцентризм
D) Негізгі тұлға
E) Архетиптер
*****
Этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.
A)& Негізгі тұлға
B) Маргинал тұлға
C) Босқындар
D) Атрибуция
E) Этностық топтар
*****
Ұлтаралық психологиялық, әлеуметтік-саяси дамуын зерттейтін міндет түрі?
A)& қосалқы міндет
B) құрылымдық міндет
C) салыстырмалы міндет
D) теоретикалық міндет
E) жанама міндет
*****
Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктеріне сыймен қарап, шовинизм, рассизм, негализм сияқты шиеленістерге жол бермес үшін не қажет?
A) айтылғандарды ғылыми негізде реттестіру
B)& болған шиеленістерді зерттеп тоқтату
C) ерекшеліктерге мән бермеу
D) мінез-құлықтарын реттестіру
E) шиеленістерге жол бермеу
*****
Өз ұлтынан басқа өзге ұлтты қабылдамау қалай аталады?
A)& рассизм
B) шовинизм
C) негализм
D) құрметпен қарау
E) ешхандай жауап жоқ
*****
Этнопсихологияның объекті ретінде не қарастырады?
A)& этникалық қауымдастық
B) этникалық сала
C) этникалық ғылым
D) мінез-құлық
E) этнопсихологиялық түсінік
*****
Әр салаға қатысты өзіндік ерекшеліктерді зерттеу неге байланысты?
A)& этнопсихологиялық объектке
B) этнопсихологиялық пәнге
C) этнопсихологиялық процеске
D) этнопсихологиялық ерекшелікке
E) этнопсихологиялық ойға
*****
Этнопсихологиялық пән немен айқындалады?
A) ұлттық сана
B)& ұлттық ерекшелік
C) ұлттық рух
D) өзіндік сана
E) ұлттық мінез
*****
Этнопсихологиядағы методологиялық функцияларды атқаратын сала қалай аталады?
A)& этнопсихологиялық типтер
B) этнопсихологиялық көзқарастар
C) этнопсихологиялық принциптер
D) этнопсихологиялық міндеттер
E) дұрыс жауап жоқ
*****
Екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
A) Негізгі тұлға
B)& Маргинал тұлға
C) Босқындар
D) Атрибуция
E) Этностық топтар
*****
*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет