Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет87/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Байланысты:
Дәріс тер тезистері. пос версия Психология ( модуль) docx (копия)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дәріс №13. Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық кикілжің.
Жоспары:
1. Әлеуметтік-психологиялық кикілжің үғымы
13.2 . Конфликтің субъектілері мен қатысушылары.
13.3. Конфликт объектісі (нысаны).
13.4 Әлеуметтік конфликт типологиясы немесе түрлері
13.5 Әлеуметтік психологиядағы кикілжіңнің функциялары

13.1 . Әлеуметтік-психологиялық кикілжің үғымы


Әлеуметтік конфликтер кез келген әлеуметтік құрылымға тән, себебі олар қоғамдық дамудың қажетті шарты болып табылады. Қоғамның қызмет ету үдерісі конфликт пен пәтуадан, келісім мен қарсыласудан тұрады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің түрлі топтарын қатал саралаумен қатар, әлеуметтік топтар, жеке индивидтер және топтар конфликтінің таусылмайтын қайнар көзін білдіреді. Әлеуметтік құрылым қаншалықты қиын болған сайын, қоғам соншалықты сараланады, еркіндік, пікір алуандығы қаншалықты көп болса, соншалықты сәйкес келмейтін, кейде өзара бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделер, мақсаттар, құндылықтар да көбейеді, сәйкесінше, болуы мүмкін конфликтер үшін негіз арта түседі.
Алайда қиын әлеуметтік жүйеде бір уақыттың өзінде конфликтіні сәтті шешудің механизмдері де бар. Сондықтан кез келген қоғам мен әлеуметтік қауымдастық мәселесі – конфликтінің келеңсіз салдарын болдырмау (барынша азайту) және оны туындаған мәселенің оң шешімін табуда қолдану.
Конфликт (латынша – confliktus) қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы, көзқарастар мен қатынастардағы қарама-қайшылық дегенді білдіреді. Қақтығысқа өмірдің түрлі мәселелері себеп болуы мүмкін: материалдық ресурстар, маңызды өмірлік нұсқаулар, билік етуші өкілеттіліктер, әлеуметтік құрылымдағы мәртебелікрөлдік айырмашылықтар, жеке тұлғалық (эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар және т.б. Конфликтер адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласын, әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекет жиынтығын қамтиды. Конфликт, негізінен, субъектілері мен қатысушылары ретінде жеке индивидтер, ірі және кіші әлеуметтік топтар мен ұйымдар қатысатын әлеуметтік өзара әрекеттесудің бір түрі болып табылады. Конфликті өзара әрекеттестік қарама-қарсы мүдделердің қарсыласуын, яғни бір-біріне қарама-қарсы бағытталған іс-әрекеттерді білдіреді.
Конфликт негізінде субъективті-объективті қарама-қайшылық жатыр, алайда аталған екі құбылысты (шиеленіс пен қарама-қайшылықты) бір-біріне барабар деп қараудың қажеті жоқ. Қарамақайшылықтар ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, шиеленіске айналуы мүмкін. Сондықтан шиеленіс негізінде мүдделері, қажеттілік пен құндылықтарының сәйкес келмеуі себебінен туындаған қарамақайшылықтар ғана жатқанын ескеру қажет. Мұндай қарама-қайшылықтар, әдетте, қарама-қарсы тараптардың ашық күресіне, шынайы қарсыласуға ұласады.
Қарама-қайшылық барынша жоғары немесе төмен қарқындылықта және барынша жоғары немесе төмен күштеуде болуы мүмкін. «Қарқындылық қатысушылар тарапынан берілетін энергияны, сонымен қатар жеке конфликтердің әлеуметтік маңыздылығын білдіреді» [1, 144]. Қақтығыс формасы – еріксіз немесе күштеусіз көптеген факторға байланысты болып келеді, сонымен қатар қарама-қайшылық субъектілері көздейтін мақсаттар мен конфликті күштеусіз шешу мүмкіндіктері (механизмдері) және шынайы шарттардың болуына да байланысты.

Сонымен, әлеуметтік конфликт – бұл қажеттілік, мүдделер мен құндылықтарының сәйкес келмеуі себебінен әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі немесе одан да көп қатысушылары және субъектілерінің ашық қарсыласуы, қақтығысуы болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет