1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу.
3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша: 1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.
2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.
Интуитивті және рациональдық ойлаудың айырмашылығын білу үшін әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады. Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова және т.б. зерттейді.
Әрекеттің тәсілдері негізінде:
Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдау, білдіруі.
Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.
Ойлау бағыттылығымен байланысты:
Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.
Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.
Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.
Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты: