Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: Эмоцияның және сезімнің функциялары.
Психологиядағы ерік мәселесі.
1
№11дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Ерік туралы жалпы ұғым. Еріктің физиологиялық негіздері.
2. Тұлғаның еріктік қасиеттері.
3. Іс-әрекетті еріктік реттеудің құрылымы.
4. Тұлғаның еріктік қасиеттері.
Ерiк туралы ұғым. Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Қазақ тiлiнде ерiк сөзiне синоним ретiнде қайрат, күш-қуат, қажыр, жiгер, ырық сияқты сөздердi пайдаланады.
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi. Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi психологияның ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М.Г. Ярошевский ерiк ұғымы ХХ ғ.-дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап өттi. Ал АҚШ психологиясында “ерiк” терминi iс жүзiнде қолданылмайды екен. Тiптi психология жайлы көптеген оқулықтарда ерiк туралы тараулар жоқ. Тек кейiнгi кездерi ғана оған қызығу қайта ояна бастады. Ерiк мәселесiне қатынастың бiрде олай, бiрде бұлай болып өзгерiп тұруының сыры неде?