Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет16/34
Дата12.10.2022
өлшемі124,17 Kb.
#42512
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Коммуникативт қызмет адамдардың бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауы, әрi ол адамдар әрекетiнде жетекшi рөл атқарады, күнделiктi қарым-қатынас барысында көп қолданылады.
Сигнификативтi қызмет- белгi, таңба, бұл адам қорыққан кезде ымдап белгi беру т.б. сөзiнен шыққан.
Экспрессивтiк қызмет- әрбiр адамның сезiмiне жағымды әсер етiп тұрады, сөздердi нақыштап айту мен ой жүйесiнiң қисынды болуын талап етедi.
Адамның нақты сөзінің, сөйлеу белгілерінің белгілі бір саны мен күрделілігі түрлі элементтерге: дыбыс, буын, сөз, сөйлем арқылы баланың түрлі ойлары мен сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді. Оның негізгі функциялары:
Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиялдеп атайды. Қиял адамға меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.
И.М.Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді.
Бұрын көрмеген нәрселердi адам ойында санасында болған не болмаған нәрселердi образдрды миымызда бейнелей аламыз. Бұл тек адамға ғана тән нәрсе, бұрын бiз қабылдамаған заттар мен құбылыстардың бейнелерiн жасаудағы психикалық процестi қиял деп атаған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
Танымдық үрдістер
Түйсік және оның қасиеттері.
Түйсік түрлерінің жіктемесі.
Түйсік табалдырықтары жөніндегі түсінік.



1

№6 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қабылдау жөнінде жалпы ұғым. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың негізгі теориялары.
2. Қабылдаудың түрлері. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдау иллюзиялары.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында оған бірнеше түйсіктердің кіруінде емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері заттар мен құбылыстардың негізгі заңдылықтарына қарай бірнеше топтарға бөлінеді, олар:
Қабылдау процесіндегі фон мен фигура
Адамның сезім мүшелеріне әр түрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлдыр, көмескі боп қабылданады. Қабылдау процесінде белгілі уақыт кезеңінде айқын көрініп тұрған зат фигура болып есептеледі де, ал күңгірт көрінетін басқа заттар оның фоны болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет