Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет16/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Психология

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тұлға туралы жалпы түсінік.

  2. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тұлға туралы жалпы түсінік
Тұлғасаналы тіршілік иесі, тұлғаны көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретінде және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылмдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Сонымен, адам деген ұғым сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады. Ал жеке адамұғымын біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам. Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді. Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт. Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседі. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларыда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.
Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық,
дербестік, жеке даралық.
Тұлғаны әрекетке бағыттайтын қажетiн өтеуге талпынтатын бiр түрткi болады. Бұл түрткiнi психологияда мотив деп атайды. Қандай да болмасын объектiнiң себебiн бiлмей тұрып адамның бiр мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мiнез-құлқының мән-жәйiн толық түсiну қиын. Түрлi жағдайладың әсер етуiне байланысты адам психологиясы әр түрлi өзгерiске ұшырап отырады. Осыған орай оның түрткiлерi де, мақсатқа жету үшiнқажеттi шаралары да өзгерiске түседi. Түрткiнiң өзгеруi iс-әрекеттiң бағыт-бағдарына, нәтижесiне әсер етедi. Мәселен: қоғамдық мәнi күштi түрткi iс-әрекет нәтижесiнде ерекше әсер етедi. Жеке тұлғаны қандай да болмасын әрекетке итермелейтiн негiзгi қозғаушы мотив оның түрлi қажеттерi, яғни бiр нәрсеге мұқтаждануы. Тұлғаның қажеттерi қоғамдық еңбекте, еңбек ету процестерiнде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмiр сүруi үшiн ең алдымен ерекше маңыз алған нәрсе ол мотив. А.Н.Леотьевтiң пiкiрi бойынша, тұлға бұл адамның өмiрiнiң қоғамда туылуының ерекше түрiнiң психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлi iс-әрекеттiң бiрлесе бағынуы онтогенезде тұлғаның қалыптасу негiзiн құрайды. Тұлғаның жүйелi қасиет ретiнде пайда болуы индивид басқа индивидтермен бiрiккен iс-әрекетiнде, ақиқаттыөзгертiп соның арқасында өзгерiп, тұлға дәрежесiне жетедi.
Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары
Кез-келген жеке тұлғаға төмендегiдей тұрақты психологиялық қасиеттер тән: ерiк, қабiлет, темперамент, мiнез-құлық, қажеттiлiктер мен эмоциялар. Қазiргi кезде психологияда қарастырылатын жеке адамды зерттеудiң негiзгi бағыттары төмендегiдей: олар, психодинамикалық, социодинамикалық, интеракциялық және гуманистiк.т.б.Психодинамикалық бағытта жеке тұлға ретiндегi адам оның iшкi дүниесiн сипаттайтын терминдермен бейнеленедi және iс-әрекеттерi тек iшкi сезiмдерге байланысты, қоршаған орта факторларына байланыссыз жүредi. Яғни жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы тек адам психологиясының өзгеруiне байланысты жүредi деп түсiндiрiлуде,әрi адамның iс-әрекеттерi мен мiнезi, темпераментi еркiне байланысты болады. Ал, социодинамикалық бағытта адам жеке тұлға ретiнде iс-әрекеттiң терминдерi мен бейнеленедi,ал оның белгiлерi жеке қасиеттерге байланыссыз, өмiр жағдайларын анализдеу және есептеу негiзiнде айтылады.Сол себептi жеке тұлғаның iс-әрекетi оған әсер етушi сыртқы орта факторларына жауап реакция негiзiнде қабылданады.Жоғарыдағы айтылған бiр-бiрiне қарама-қарсы екi бағытқа жауап ретiнде интеракциялы бағыт пайда болды. Жеке тұлға психологиясындағы танымал бағыттың бiрi гуманистiк бағыт,ол XIX ғасырдың соңында XX басында Ч.Дарвиннiң эволюциялық теориясы және И.П.Павловтың жоғары дәрежелi жүйке жүйесi физиологиясының жетiстiктерi гуманитарлық пәндерге зор ықпал жасау кезiнде пайда болды. Осыған байланысты адам мен жануарлар психологиясы өзара салыстырылып, олардың арасында ешқандай негiзгi айырмашылықтар жоқ деген пiкiр туындап сол кездегi ғалымдардың еңбектерi адам мен жануарларды жақындататын түсiнiктерге толы болды, бұған жауап ретiнде гуманистiк теория қалыптасты. Оның негiзгi ерекшелiгi бұл бағытта тек адамға ғана тән психологиялық қасиеттер: ерiк, сана, мораль, өмiр мәнi мен мақсаттары қарастырылып зерiттелдi.

  1. Биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар американ психологы С. Холл, неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы психоанализ теориясының «әкесі» З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын тұқым қуалаушылық. Холл филогенездің онтогенезде қайталануы, Кречмер адам типтері оның дене құрылымына ғана байланысты. Фрейд адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты дейді (қоғамның рөлін төмендетеді).

2. Қарама-қарсы ағым социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп, әлеуметтік жағдай әсерінен ғана жеке адам болып қалыптасады. Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен білім және дағының әсері. Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына байланысты ғана рөлді ұсынады. Солардың арқасында оның мінезі, қарым-қатынасы қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойындамау. 3.Психогенетикалық концепция бұл тұжырым бойынша бірінші орында биологиялық ерекшелік те емес, қоршаған орта да емес, тек психологиялық процестер алға шығады. 4.Психодинамикалық концепция бұл тұжырым бойынша Эриксон, адамның мінез-құлқы, эмоциялары, сезімдері арқылы қалыптасады десе, Пиаже мен Келли адамның танымдық әрекеттері басты рөл атқарады дейді. Жеке адамның дамуы негізінде қарастырған концепция персонологиялық деп аталады оны ұстаушылар Шпангер, Бюллер, Маслоу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет