Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi



бет125/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуының ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуындағы сензитивтi кезең. Мiнез қалыптасуындағы үлкендер мен бала өзараәрекетiнiң рөлi. Мiнездiң мектеп жасында қалыптасуы. Өзiндiк тәрбие. Мiнез қалыптасуындағы еңбектiң рөлi.

Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.


Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие.
Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi (отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған. Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық, байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, әсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.
Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, iс-әрекетке, қоршаған әлемге және өзiне - өзi қатынасы кезiнде көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк белсендiлiгiнiң деңгейiн анықтайды.
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық және инструменталды деп екiге бөлемiз. Мотивациялық iс-әрекеттi оятады және бағыттайды, ал инструменталды бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де әрекет мақсатын таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан кейiн мiнез инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды.
Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.
Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар.
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар.
Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi. Лабрю йер де ''Теофраст мiнездерi''деген еңбегiнде мiнездi адамның әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ, темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда туа пайда болатын генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк ерекшелiгi.
19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялық ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын ерекшелiктерi бар дедi.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi.
Жеке адам ерекшелiктерi:
Жеке адам ерекшелiктерiн келесi кездерде көруге болады.
1.Мотивациялық-iс-әрекеттi бағыттайды, тудырады.
2. Инструменталды-iс-әрекетке белгiлi бiр стиль бередi.
Мiнез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттерiне жатады. Одан iс-әрекет мазмұны емес, оны орындау мәнерi айқындалады. Бiрақ, мiнез мақсатты таңдаудан да байқалады. Мақсат таңдалса, мiнез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып табылады.
Адам мiнезiне кiретiн жеке адам ерекшелiктерi:
1.Iс-әрекеттiң мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерiн айқындайтын жеке адам қасиеттерi.
2. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер.
3.Темпераментпен байланысты инструменталды бiтiстер.
Осы бiтiстердiң барлығы бiр адамның бойына жиналып адам белгiлi бiр типке жатқызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет