Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет18/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Жануарлардың дағдылары
Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға айналады. Дағдының физиологиялық негізі күрделенген шартты рефлекстер. Дағды тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді.
Инстинктің өзгеуіне дағдының үлкен себебі бар. Дағды-миының үлкен жарты шарлары бар жануарларда күрделілеу болады. Бұлардың бейнелеу функциясының жетілуі күшейіп, дағдылары күрделене береді.
Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар:
1. Түйсік пен қабылдауы күрделеніп, сыртқы ортаны соған байланысты бейнелеу процесі күшейе бастайды;
2. Жануарлар заттарды, олардң сипаттарын қабылдап қана қоймай, заттар арасындағы қатынасты да бейнелей алады;
3. Уақытша нервтік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілеті өсе бастайды. Елестердің тууы мидың синтездік қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік мінездің пайда бола бастағаны.
Жануарлардың интеллектісі
Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін міндетті атқаруға кірісе бастайды. Организмнің ми қабығының құрлысы қарапайым сатыда болса, олардың интеллектік әрекеті де төменгі жабайы сатыда өте бермек. Бұл әрекеттің күрделене беруі ең алдымен мидың үлкен жарты шарларының меншікті салмағы артып, нерв системасының басқа бөлімдерін ми қабығының өзіне бағындыруына байланысты. Нерв системасы әр түрлі сатыда дамыған жануарлардың интеллектік әрекеті де бірдей болмайтын төмендегі мысалдардан көруге болады.Есігі ашық, айналасы тормен қоршаулы тұрған тауық тор сыртындағы шашылып жатқан дәнді көріп, тордың тесіктеріне басын сұғып, дәнге қарай тұра ұмтылады. Тауықтың бұл қимылы-шартсыз рефлекстік әрекет, бұнысы-тітіркендіргішке тұп-тура қайтарған жауабы. Алдындағы көріп тұрған дәнді көзінен таса қылып, қиып кетуге дәті жетпей, ашық есікі көрме, айналып шығудың тәсілін ойластыра алмай тауықтың діңкесі құриды. Шым-шытырақ жол қиындығын жеңіп шығу тәсілін ойластыруға тауықтың ми қабілеті жетпейді. Көрген дәнді жеуге ұмтылу - оның бойындағы инстинктік қасиет. Жануарлардың интеллектісі жоғарғы сатыдағы жануарларда маймылдар мен дельфиндерде «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлықтарын байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттерден бірнеше рет байқалған. Мысалы, маймылдың жақсы көретін тамағы бананды оның қолы жетпейтін жерге іліп қойған, сол кезде қасында тұрған жәшіктерді көріп біреуін әкеліп, үстіне шығып көрді де, әліде қолы жетпейтінін байқады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет