Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші және шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, содан соң өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ал, өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады.
Жалпы барлық шығындар өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді.
Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де теріс әсер етуі мүмкін, себебі, салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранымы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс қысқарады. Бұл кезде рыноктық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды. Рыноктық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға рыноктық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі.
3. Икемділік.Бір фактордың екінші факторға әсерінің нәтижесінде сұраным сезімталдығын анықтау үшін икемділік деген түсінік пайдаланылады.
Барлық факторлардың арасындағы ең қызықтысы баға немесе табыстың өзгерісіне сұранымның сезімталдығы және қиылысушы (жанама) икемділік болып табылады. Сұранымның баға бойынша икемділігі баға 1% өзгергендегі сұранымның қанша процентке өзгергенін көрсетеді. Мысалы, бағаның 10% өскендегі автомобильдердің сату көлемнің өзгерісін анықтау керек. Сұранымның табыс бойынша икемділігі тұтынушылардың табысы 1% -ға өзгергенде, сұранымның қанша процентке өзгергендігін көрсетеді. Мысалы, жергілікті халықтың табысы 12%-ке өзгеріп, яғни өскен кезіндегі автомобильге сұраным қалай өзгеретінін анықтау керек.
Икемділіктің өлшем бірлігі болып икемділік коэффиценті табылады. Сұранымның баға бойынша икемділігі былай анықталады:
баға бойынша икемділік коэффициенті;
тауар саны;
тауардың рыноктық бағасы.
Тауардың бағасының өзгерісіне тұтынушылар реакциясы күшті, әлсіз және нейтралды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұранымдар бар: икемді, икемсіз, бірлік икемді, кәміл икемсіз, кәміл икемді. Икемді сұраным: егер бағаның азғана түсуі кезінде сату көлемінің елеулі өсуі. Икемді сұраным кезінде, бағаның 1%-ға түсуі сату көлемін 1%-дан көп мөлшерге көбейтсе, икемділік коэффициенті 1-ден көп болады.