Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі – бұл принцип этнопсихологиялық феномендердің ұлт өкілінің іс-әрекеті түріне байланысты екендігін сол әрекеттің ұлттық сан-сезіммен байланыстылығын көрсетеді.
Тұлғалық немесе жеке адам тұрғысынан қарау принципі -бұл принцип этнопсихологиялық құбылыстарда өзінің құндылықтары, сезімдері мен ойлары бар жеке адамды негізге ала отырып қарастыруды талап етеді.
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ә.Әубәкірқызы өз еңбегінде этнопсихология ғылымының зерттеу бөлімі ретінде төмендегідей міндеттерді атқаратындығын көрсетеді:
Нақтылы этникалық қауымдастық өкілінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу факторлары мен негізін жан-жақты мағыналау мен жалпылау;
Қандай да бір ұлт өкілінің ұлттық психикасының мотивациялық өрісін зерттеу мақсатында адамдардың өнімді іс-әрекетінің көрсеткіші болатын іскерлікті, ынта жігерді қарастыру;
Нақтылы ұлт өкілінің ұлттық сипаты ретіндегі зерделік-танымдық белсенділікті еңбек іс-әрекетінде, логиканың тереңдігінде, ойлау операцияларының жылдамдығында, қабылдаудың тереңдігінде, зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануынан көрінуін зерттеу;
Ұлттық сезімдердің өту заңдылықтарын анықтау мен талдау, эмоционалды өмірді нақтылайтын заңдылығының мақсаты мен эмоциялардың көріну спецификасын бақылауды ұйымдастыру;
Қандай да бір ұлттық мінезде маңызды қызмет атқаратын ұлттық бағыттың ерік-белсенділігіне әсерін анықтау;
Топта, ұжымды адамдардың өзара қарым-қатынасымен іс-әрекетінде маңызды роль атқаратын коммуникативтік өрісті зерттеу;
Ұлттардың психологиялық сипаттарын құрайтын заңдылықтарды анықтау мақсатында, әртүрлі халықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін салыстыру;
Топтардың, қоғамдық топтардың ерекшелік бітіс, сипаттарының дамуы мен заңдылықтарын жалпылау үшін анықтау;
Ұлттар арасында экономикалық, мәдени және саяси бірігу формасы мен елдің әр аймағындағы ұлтаралық қатынастардағы ұлт психологиясын жан-жақты зерттеу;
Саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік және мәдени қызметтердің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін ортақ ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді есепке алу негіздеу;
Оқу, әскери, еңбек іс-әрекетін саналы ұйымдастыруға негіз болатын ұлттық-психологиялық көзқарастарды зерттеу;
Көп ұлтты ортаға қызмет ететін немесе басқаратын адамдарға кеңестерді ұйымдастыру жолдарын көрсету;
Халықаралық қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатымен көптеген ұлттар мен халықтардың психологиясын жан-жақты зерттеу;
Дүние жүзіндегі ұлттардың бір-біріне саяси-әлеуметтік, экономикалық әсер етуін көрсете отырып, психологиялық және әлеуметтік дамуын анықтау, болжау.