Дәріс тақырыбы және тезистер



бет2/2
Дата19.12.2023
өлшемі65,26 Kb.
#141114
1   2
Байланысты:
ДӘРІС (5)

Онтогенез–эволюция тәрізді тіршілікке тән негізгі қасиет. Онтогенездің эволюциядан айырмашылығы, ол белгілі бір бағдарлама бойынша іске асады, ал бағдарламаны генотип анықтайды.
Филогенез – онтогенездердің тарихи даму қатарының көрінісі болғандықтан, онтогенез келесі ұрпақпен алмасқанда аяқталады деп есептелінеді. Ұрпақ алмасу кезіндегі құрылым деңгейінің күрделеніп отыруы эволюция процессінің нәтижесі. Ересек жануардың құрылым деңгейі неғұрлым күрделі болса-соғұрлым оның онтогенезі күрделі әрі ұзақ болады. Онтогенездің тіршілік циклы бір-бірінен айқын ажыратылатын кезеңдерден тұрады. Егер сүт қоректілерді алатын болсақ онда: эмбрионалдық, постэмбрионалдық және ересек организм кезеңдері болады. Ал бұл даму кезеңдері жеке сатыларға жіктелінеді. Сондықтан онтогенез бір жағынан үздікті процесс болады. Онтогенез дамуының әр кезеңінің арасында айырмашылық болады. Сондықтан онтогенез этаптары құрылым кезеңдерімен шектелмей өзіне тән экологиясымен де ажыратылады.
А.Н.Северцев бойынша ересек организм құрылысындағы өзгерістер морфогенездің қайта құрылу дәрежесіне байланысты болуымен қатар, уақытқа да, яғни онтогенез кезеңіне де байланысты болады. Ата-тектеріне қарағанда, ұрпақтағы орагандардың даму уақытының өзгеруі филоэмбриогенез теориясында критерий ретінде пайдаланады. Прогрессивті эволюцияның механизмін анализдеу кезінде, филоэмбриогенездің үш модусы қолданылады. 1-ші модус. Анаболия – даму нәтижесінде ұрпақтағы пайда болған жаңа құрылымдар-олардың ата-тектерінің онтогенезі аяқталатын кезеңіне жалғанып дамып отырады. 2-ші модус. Девиация немесе онтогенез аралық кезеңдерінің дамуындағы ауытқулар. Девиацияға акула тәрізді балықтармен жорғалаушылардың қабыршақтарының дамуын жатқызуға болады. Девиация кезінде ата-тектегі қалыптасқан дене мүшелері толық дамымай, олардың белгілері өзгеріп жаңаша қалыптасады. 3-ші модус. Архаллаксис немесе ұрықтағы алғашқы құрылыстың өзгеруі. Бұл модустағы эволюция кезінде дене мүшелердің қалыпты күйі өзгереді яғни әуел бастан оның онтогенезі ата-тегінен бөлек болады. Сонымен филоэмбриологиялық теория негізінде біріншіден органдардың эволюциялық өзгерістерінің онтогенетикалық механизмі анықталса, екіншіден ересек организмдердің өзгерістеріне қарағанда, бірінші кезекте онтогенетикалық өзгерістердің жүретіндігі дәлелденеді.

1

№14 дәріс

Тақырыбы: Эволюциялық прогрестің негізгі бағыттары


Қарастыратын сұрақтар:


1. Организмдердің бейімделу сипатының жалпы көрінісі
2. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары
3. Биологиялық прогреске жетудің идиоадаптация бағыты.
Дәрістің қысқаша мазмұны:Биологиялық прогресс деп ата-тектеріне қарағанда ұрпақтардағы бейімділіктің жетік болуын айтады. Биологиялық прогрестің критерийлері әдетте жеке дараларға қолданбай түр және одан жоғары тұрған таксондарға қолданылады. Бұл критерийлер 1) даралар санының көбеюі; 2) ареалдың ұлғаюы яғни экологиялық ортаның арта түсуі 3) прогрессивті жіктеліну немесе белгілі бір таксон құрамындағы систематикалық топтардың артуы (туыстағы түрлер, тұқымдастағы түрлер мен туыстар санының көбеюі). Биологиялық прогреске қарама-қарсы таксондардың элиминациясымен аяқталатын құбылысты биологиялық регресс деп атайды. Биологиялық регрестің критерийлері: 1) даралар санының азаюы; 2) экологиялық валенттіліктің төмендеуі; 3) ұрпақтар түзген таксонның элеминациясы. Сонымен биологиялық прогресс дегеніміз эволюцияның бейімделу сипатының жалпы көрінісі. Ал биологиялық прогреске апаратын жолды А.Н.Северцев эволюциялық прогрестің негізгі бағыттары деп атап эволюциялық процестің негізгі бағыттарын төмендегідей жіктеді.
Арогенез немесе морфофизиологиялық прогресс яғни құрылым деңгейінің күрделенуі.
Идиоадаптация – жаңа бейімділіктердің қалыптасуы. Бұл кезде ата-тектеріндегі белгілер ұрпақтарда өзгеріп қайта қалыптасады. Мысалы: жылқы тұқымдасының филогенезі, қорғаныш рең мен тұрпат.
Жалпы дегенерация бұл даралар құрылысының қарапайыдануы. Биологиялық прогрестің бұл бағыты организмдердің паразиттік тіршілікке көшкен кезінде іске асады.
И.И.Шмальгаузен идиоадаптацияны бейімделудің екі типіне жіктеді; аллогенез және тіршілік ортасының шектелген жағдайына бейімделу яғни арнайылану (специализация). Аллогенез дегеніміз тіршілік ортасына бейіділігін жетілдіру барысында ата-тектеріне қарағанда ұрпақтардағы белгілердің өзгеріп жаңаша қалыптасуы. Тіршілік ортасының шектелген жағдайына бейімделу экологиялық валенттіліктің азаюы деп қарастырылады. Егер арогенез міндетті түрде аллогенезге ауысса, ал аллогенез шексіз уақыт бойы жалғаса алады. Организмдердің бастапқыдан бейімделген тіршілік ортасы одан әрі жіктелінген жағдайында тіршілік ортасының шектелген жағдайына бейімделу басталады. Органдардың көп функциональдылығы төмендейді. Бұндай біржақты бейімділік телогенез, гипергинез, катогенез және гипогенез типтеріне жіктелінеді. Сонымен эволюция басты бағыттарының теориясы организмдердің сыртқы орта жағдайына бейімделу кезіндегі басты бағыттарының сипаттамасы болып есептелінеді.

1

№15 дәріс

Тақырыбы: Адамның пайда болуы (Антропогенез)


Қарастыратын сұрақтар:
1. Адам мен адам тәрізді маймылдардың морфологиялық және биологиялық ұқсастықтары
2.Эволюция барысындағы антропойдтардың дивергенциясы
3. Адам эволюциясы және адам эволюциясының бағыты.

Дәрістің қысқаша мазмұны:Адам жартылай және нағыз маймылдармен бірге жоғары сатыдағы сүт қоректілердің приматтар отрядын құайды. Ғалымдардың болжамы бойынша бұл топ планцентарлы сүт қоректілердің бір тармағынан дамып жетіледі. Сүт қоректілердің арасынан насекоммен қоректенетіндер біздің арғы ата-тегіміз болып табылады. Қазіргі классификация бойынша приматтар отряды жартылай маймылдар және антропойтар болып екі отряд тармағына бөлінеді. Гоминид тұқымдасына кіретін антропойдтар отряд тармағының эволюциясы шамамен 40 млн (жоғары эоцен) жыл бұрын (лимур немесе долгопят) жартылай маймылдардың анықталмаған бір тобынан басталады. Сонымен қатар приматтардың ДНК құрылысын зерттеу олардың генетикалық айырмашылығын, гениологиясын және жіктеліну уақытын анықтауға мүмкіндік беріп эволюциялық негізі жасалынды.
Гоминид тұқымдасына кем дегенде екі туыс кіреді. Жойылып кеткен австралопитек (оңтүстік маймыл) және Hоmо (адам). Кейбір ғалымдар гоминидтерге б.з.д. 8-12 млн жыл бұрын өмір сүрген Ramapithecus туысын да қосады. Ramapithecus тістерінің морфологиялық құрылысы автролипитектерге ұқсас келеді. Осы себептен австроопитектер рамапитектерден таралған деген болжам бар. «Адам» тәрізді маймылдар деп аталынатын австролопитектер 4 млн. жыл бұрын Африкада пайда болады. Австролопитектердің 3-4 түрі болған (бұл саладағы мамандардың көз-қарастары әлі бір шешімге келмеген). Шамамен екі миллион жыл бұрын осылардың бірінен адамның ең алғашқы түрі Н.habilis пайда болады. Соңғы австролопитек 1 млн.жыл бұрын жойылып кеткен.
Ми көлемінің ұлғаюы, тістің түрленіп өзгеруі, жамбас және аяқ сүйектерінің тік жүруге бейімделуі Ноmо (адам) туысындағы ең алғашқы түр Ноmо habilis (епті адам) 2-1,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл түр Афара австралопитегі немесе Африка австралопитегінен таралған деп есептелінеді. өмір сүрген аймағы Шығыс Африка мен Оңтүстік – Шығыс Азия. Епті адам сүйегінің маңынан табылған мәдени қалдықтар бойынша, олар тастан жасалған құралдарды пайдаланған, қарапайым бас-пана сала білген, қорекке жарамды өсімдіктерді жинаған және аң аулауды кәсіп еткен. Hоmо туысының екінші түрі Hоmо erectus (тік жүретін адам) 1,6 миллионнан 200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бастапқыда Африка континентінде пайда болып, кейіннен Hоmо erectusтың жеке топтары Европаға, Шығыс Азияға және Оңтүстік Шығыс Азияға таралған. Бұдан 300 мың жыл бұрын тік жүретін адам қазіргі заманның адамына айнала бастады. Адам тұлғасындағы кейбір айырмашылықтарға қарамастан, палеонтологтар мұз басқан кезеңнің соңындағы (200-40 мың жылға дейінгі аралық) адамдардың қалдықтарын бір түрге жатқызып, олардың барлығын Hоmо sapiensтің (сапалы адам) көне түрлері деп есептейді. Бұл түрге неандерталь түр тармағы да қосылады.

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет