-
2005 ж. 2010 ж. кезеңінде Білім беруді ақпараттандырудың нақты бағыты
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
бекітілді.
-
2008-2012 жж. Интернет желісінің қазақстандық сегментінде (Қазнет) Біртұтас
ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы қабылданды;
-
2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылы
білім берудің қазақстандық жүйесі біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістіктің
бөлігі ретінде қызмет ететін болады. Бағдарлама біртұтас ақпараттық білімдік
кеңістікті құру бойынша, ең алдымен «білім беруді дамытудың ақпараттық және
ғылыми әдістемелік жасақтамасының біртұтас жүйесінің негізін қалыптастыруға және
білім беруді тиімді басқарудың объектілері мен процестері үшін салалық ақпараттық
жүйені құруға» мүмкіндік беретін басым бағытты анықтайды. Адамзаттық
ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында электрондық оқыту білім беруді түбегейлі
жаңартудың басым бағыты деп аталған.
-
2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
-
Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Достарыңызбен бөлісу: