Дәріс Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні



бет26/28
Дата19.04.2023
өлшемі362 Kb.
#84590
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ОФД. Лекция жинағы, 2022 ж 2

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық / М.Ә. Бөлешов.- Алматы: Отан, 2019.

  2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері: оқу құралы / С.А. Ерманова.- Қарағанды: Ақ Нұр, 2016.

  3. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. С.О. Ордабеков. 2012

  4. Жас ерекшелік психологиясы. Ұ.И. Ауталипова. 2017.

  5. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.М. Маусумбаева. 2017.

  6. Жалпы физиология. М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. 2019.

Дәріс 14.
Дәріс тақырыбы: Мектептің ғимараты мен оқу бөлмелеріне, ауа ортасына, жарықтандырылуына және құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар.
Дәріс мақсаты: Мектеп кешені мен жеріне және оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Мектеп пен балалар мекемелерінің жиһазы мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар.
2. Компьютерлік сыныптарда жұмыс жасауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.


Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.
Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.
Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.
Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады.
Негізі дыбыс жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады.
Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып келеді.
Ноталық дыбыс арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады.
Әр түрлі хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады.
Бөлме жабдықтарын дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады.
Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек.
Оқушының оқу тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет.
Оқушыны дұрыс отырғызуды гониометрияның көмегімен буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер.

Көрсеткіштер

Бұрыштардың көлемдері,см

Бастың еңкіштігі

26-51

Кеуде омыртқасының иілу бұрышы

41-62

Дененің еңкіштігі

85-100

Тізе бұрышы

75-105

Балтыр-табан бұрышы

75-105

Парта (столдардың) размері, онда отырған баланың бой ұзындығына сәйкес болғанымен, баланың дене тұлғасы дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан баланың дұрыс отыруға дағдыланбағандығын көрсететін мұндай жағдайларға да ерекше көңіл бөлінуі керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет