** патопсихология (бұл сөз грек тілінде «патос» - зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді) - туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді,
** еңбек психологиясы (инженерлік, авиациялық, космостық),
** медициналық психология (нейропсихология, психоформакология, психотерапия, психопрофилактика және гигиена),
** әлеуметтік психология (адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады) және т.б. салалары бар.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі,адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи
және мәдени қатынасы, қашықтағы,жақындығы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-
құлық бағытында әдіс-тәсілі ретіндепайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі;психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей
байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі
ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық,табиғи және ғарыштық ырғақтарбайланыстарында адамның қоғамдық және
мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдаржасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Сананың жекеден жалпыға қарай даму сатылары:
- 1) Аталық сана,
- 2) Рулық сана,
- 3) Ұлттық сана,
- 4) Әлемдік сана
- Ұлттық сана – ұлтты бір-бірінен ажырататын саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік қасиеттер жиынтығы. Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады. Біріншісі – сезімдік, түйсіктік, екіншісі – саналы теориялық. Алғашқысы өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін ыстық сезімнен туса, кейінгісі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт – бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық зиялы қауым.
Бекіту сұрақтары:
1. Психология ғылымы нені зерттейді?
2. Психология ғылымының анықтамасы, пәні, мақсат, міндеттері қандай?
3. Психология ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері?
4. Психология ғылымының зерттеу әдістері, салалары қандай?
Дәріске қатысып, зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |