Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет34/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

2) Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік дауысты дыбыстар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалады – Ү, Ұ, О, Ө (ерін доғал дөңгеленіп жасалса, доғал ерін – Ұ, Ү, сүйір дөңгеленіп жасалса, сүйір ерін дауыстылар – О, Ө болып іштей екіге бөлінеді);
ә) езу дауысты дыбыстар еріннің бейтарап қалпы арқылы жасалады – А, Ә, Ы, І, Е (езумен жасалса, езу – А, Ә, Ы, І, емеурінмен жасалса, емеурін дауысты – Е болып іштей екіге бөлінеді).
3) Жасалу орнына қарай:
а) тіл ортасы дауысты дыбыстар тілдің орта тұсы арқылы жасалады – Ә, І, Ү;
ә) тіл арты дауысты дыбыстар тілдің артқы тұсы арқылы жасалады – А, Ы, Ұ;
б) құранды дауысты дыбыстар екінші басым сыңарының жасалым белгісіне лайық, шартты түрде, тіл ортасы – Е, Ө, тіл арты – О болып жіктеледі. Мұның да шартты болу себебі: құранды дауыстының бірінші бағынышты сыңарының өз жасалу орны бар.
Қазақ тілінде тіл алды дауысты дыбыстар жоқ.
Сонымен дауысты дыбыстардың жасалымы – үш айырым белгісі (жақ қатысы, ерін қатысы және жасалу орны ), айтылымы – екі айырым белгісі (ауыз және көмей қуыстарының өзара қатысы, ауыздың шығар қалпы), естілімі – екі айырым белгісі (үндесім және дауыс сапасы) арқылы сипатталады.
Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар: Б, Д, Ғ, Г, Ж, З, Й, Қ, К, Л, М, Н, П, Р, С, Т, У(w), Ш. Дәстүр бойынша Қ – К, Ғ – Г дыбыстарының жасалым айырмашылықтарын ескеріп, жеке – жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыздар әр жасалым белгілеріне орай топтап талданады:
Дауыс қатысына қарай:
а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі тербелмей, бейтарап қалады: П, Т, Қ – К, С, Ш;
ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі: Б, Д, Ғ – Г, З, Ж;
б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі: М, Н, Ң, Р, Л, Й, У.
Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар (взрывные) және ызың дауыссыздар (щелинные) болып екі топқа бөлінеді.
Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бірі-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар мыналар: п, б, т, д, к, г, қ.
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, н.
Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Аффрикаттар (ц, ч...) шұғыл дауыссыз дыбыстың элементінен басталып, ызың дауыссыз дыбыстың элементінен аяқталады.
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет