Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


) Буын. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді.  Буын



бет36/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

3) Буын. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. 
Буын – ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше.
Буынға тән сипаттар:
1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір – ақ дауысты фонема (а) бар. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздерінің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мәселен, ат – ты – лар – ға дейтін төрт буынды сөздің 1 – буыны (ат) – түбір, 2 – буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, 3 – буыны (лар) – көптік жалғау, ал 4 – буыны (- ға) – септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба – ла – ла – ры – на, ке – лі – сі – мі – міз т.б.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны, мұғалім, қабілет, педагог т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай – ақ буындар да қос дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: үстел (стол), кінәз (князь). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді.
Буынның түрлері.
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын және бітеу буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық мәніне сай келеді.
1. Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
1) А: ә, а – на, а – та, ә – же, ө – ре, ү – кі;
2) ВА: ба – ла – сы, бі – лі – мі, же – лі, де, не;
3) ВВА: ста – нок, ста – кан, гра – нат, гра – фа;
4) ВВВА: стра – тег, стра – тегия, стра – тосфера.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет