Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет51/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу.
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter - шеше, mutter - шешелер), ағылшын (foot - аяқ, feet - аяқтар), орыс называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) - убрать (несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.
3. Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).
Қосарлану арқылы грамматикалық мағына туғызатын форма ретінде біз, әсіресе, қора-қора (қой), мая-мая (шөп) деген сияқты қосарланулар мен үстеме буын арқылы жасалып, күшейтпелі шырай мағынасын беретін қып-қызыл, сап-сары деген сияқты қосарлануларды атаймыз. Өйткені, мүндай қосарланулар тек сын есімдерге тән және олар нағыз грамматикалық мағына беретін формалар. Оның үстіне олар сын есімдерге күшейту мағынасын жамайды. Ал әке-шеше, қора-қопсы, тау-тас деген қос сөздерде лексикалық мағына бар. Бұларда сөз тудыру қызметі басым болса, жоғарғы қосарлануларда форма тудыру қызметі басым.
4. Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, университетке оқу үшін келдім дегендегі көмекші сөз - үшін.
Бұл жердегі үшін көмекші сөзі қандай қызмет атқарып тұр?
«Оқу үшін келдім» дегенді «оқ+у+ға келдім», «оқы+ғалы келдім» деуге болады. Ендеше, -ға (барыс септігі) мен - ғалы (көсемше жұрнағы) қандай қызмет атқарса, «үшін» көмекші сөзі де сондай қызмет атқарып тұр. Бұдан шығатын қорытынды: көмекші сөздер де грамматикалық мағына туғызудың бір тәсілі екен.
Көмекші сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Көмекші сөздердің бірі - жалғаулықтар (союзы) деп аталады. Олар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Мысалы: тәрбие, тыңдайық та қайтайық; әкем үйге келді де, жатып қалды.
Көмекші сөздердің екінші түрі - септеуліктер (послелоги) деп аталады. Ол орыс тіліндегі предлогтармен (в, к, на, над, за, после, перед т.б.) бірдей қызмет атқарып, сөйлем мүшелерінің бағыныңқылық қатынасты білдіреді. Мысалы: сабақ+қа дейін, сабақ+тан соң дегендердегі септеуліктер - дейін, соң. Бұлар өзінің алдында тұрған сөздердің белгілі бір септік жалғауларында тұруын керек етіп тұр. Сондықтан да, олар септеуліктер деп аталынады. Көмекші сөздердің үшінші түрі - демеуліктер (частицы): алыс па? сен ғана, кешікті-ау, әнің ән-ақ екен, айтыпты-мыс. Бұлар негізгі сөзге сұрау, шектеу, күшейту, күдіктену мағыналарын үстейді. Көмекші сөздердің тағы бір түрі - көмекші етістіктер. Бұлар негізгі етістіктерге тіркесіп, алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді. Мысалы: айт+а берді - істің созылыңқылығын, айт+а қойды - істің тездігін, айт+а салды - істің кенет істелгендігін білдіреді. Роман тілдері мен герман тілдерінде қолданылатын артикльдер көмекші сөздердің бірі (бұлар славян, түркі тілдерінде кездеспейді). Артикльдер белгілілік пен белгісіздікті, жекешелік пен көпшілікті, сондай-ақ, тек (род) категориясын бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мәселен, ағылшын тілінде tһе (зэ) - белгілікті, a/an - белгісіздікті білдіреді: tһе Ьоок - осы кітап, а Ьоок - кез келген кітап;, француз тілінде: Іе jоurnаІ (газета) - lеs jоurnalux (газеты), le рауsаn - шаруа, lеs раusans - шаруалар (көптік катег.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет