Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет56/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

2. Септік категориясы. Бұл категория есім сөздерге тән. Заттар мен құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастар әр түрлі септік арқылы көрініс табады. Мысалы: үй+дің терезе+сі меншіктеуші қатынас, үй+ге бара+мын - бағытты білдіреді.
Басқа септіктердің бәріне негіз болып тұрған септік – атау, Сондықтан да, оны кейде негізгі септік деп атайды, ал қалғандарын жанама септіктер деп атайды. Атау септігінде дербестік бар. Ол негізінен атауыштық қызмет атқарады.
Түркі тілдерінде атау септігінің өзіне тән көрсеткіші жоқ Басқа септіктердің өзіне тән ондай жалғаулары бар. Олар міндетті түрде басқа бір сөзбен тіркесіп айтылады, жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз сондықтан.
Біз септіктер бір сөздің екінші сөзге қатынасын білдіреді дедік. Сол қатынас кейбір тілдерде септік жалғаулары арқылы берілсе, екінші бір тілдерде (мыс, болгар тілінде) ол көмекші сөздер (предлогтар) арқылы беріледі (Кейде мұндай қатынастар септіктері мен көмекші сөздердің бірдей қатысуы арқылы да берілуі мүмкін). Айталық, агглютинативті тілдерде сөздердің бір-біріне қатынасы (яғни грамматикалық мағыналары) аффикстер арқылы берілсе, аналитикалық тілдерде ол көмекші сөздер мен сөздердің орын тәртібі арқылы көріне алады. Сондықган да, агглютинативті тілдерде септіктердің саны көп, ал аналитикалық тілдерде олардың саны аз болады. Мысалы, аналитикалық тілдердің бірі - ағылшын тілінде 2 ғана септік болса, агглютинативті тілдердің катарына жататын эстон тілінде - 14 септік, венгер тілінде - 22 септік бар.
Кейде сөздердің арасындағы қатынастар септік жалғаулары мен көмекші сөздердің (септеуліктердін, предлогтардың) бірдей қатысуы арқылы да берілуі мүмкін. Оған славян тілдеріндегі септік жалғаулары мен предлогтардың, түркі тілдеріндегі септік жалғаулары мен септеуліктердің тіркесіп қолданылуын мысалға келтіруге болады. Мысалы: к дом+у (дат. п.), до дом+а (род.п.), үй+ге дейін т.б.
3. Жақ категориясы. Бұл дүние жүзі тілдерінің басым көпшілігіне тән. Ол іс-әрекеттің қай жаққа (кімге) қатысты екендігін білдіреді. Іс-әрекет сөйлеуші жақ, тындаушы жақ немесе бөгде жақтың бірі арқылы жүзеге асады. Осыған орай, әр тілде үш жақ болады: 1-жақ, 2-жақ, 3-жақ. Бұл үш жақтың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары бар. Жақтық мағына белгілі бір аффикстер арқылы беріледі. Ондай аффикстерді жіктік жалғаулары деп атайды (Осыған орай мүны жіктік категориясы деп те атауға болады). Жақ категориясы етістіктерге тән категория.
Орыс тілінде жіктелетіндер - етістіктер ғана, ал есім сөздер онда жіктелмейді. Түркі тілдерінде де негізінен етістіктер жіктелінеді. Кейде түркі тіддерінде баяндауыш кызметіңде жұмсалғанда зат есімдер де, сын есімдер де, кейбір есімдіктер де жіктеліне береді. Осыған байланысты жіктік жалғаулар баяндауыштық аффикстер деп те аталынады.
Жақтық форма жақтық мағынаны ғана емес, сонымен бірге, көптік мағынаны да білдіруі мүмкін дегенді біз жоғарыда айттық. Мысалы: барды+м - барды+қ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет