Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет35/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

1) ерін немесе лабиаль дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіске тиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік (губно-губные) немесе билабиаль дауыссыздар жасалады. Мысалы: б, п, м; э астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан еріндік-тіс (губно-зубные) немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы: ф, в.
2) Тіл алды дауыссыздар. Тіл алды дауыссыздардың жасалуында тілдің алдыңғы бөлігі активті қызмет атқарады. Ол өзінің жылжымалы болу қасиетіне қарай, әртүрлі қалыпта болып, дауыссыздардың түр-түрін жасауға қатысады. Тіл алды дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді. а) тіс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, лә) тіл ұшы немесе альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.
3) Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағының қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы және неміс тілінде графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ - «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
4) Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты дауыссыздарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады. Қазақ тілінде к, г дыбыстары тіл ортасы дыбыстарының қатарында саналып жүр.
5) Көмей (фарингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Көмей дауыссызына түркі тілдері мен неміс тіліндегі һ дыбысы (неміс тіліндегі һаqеп -«болу, бар», Ғreiheit— «бостандық» деген мағыналарда қолданылатын сөздердің құрамындағы дыбыс) жатады.
Дыбыстардың артикуляциялық ұқсастықтары неғұрлым мол болса, олар өзара бірімен-бірі алмасуға соғұрлым икемдірек болады. Мысалы, п дыбысы д дыбысына қарағанда б дыбысымен алмасуға икем болса, ш дыбысы т дыбысына қарағанда с дыбысымен алмасуға әлдеқайда икем. Өйткені бұл дыбыстардың (п мен бш мен с) артикуляциялық жақтан өзара ұқсастықтары мол.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық жолы мен артикуляциялық орнына қарай жіктеліп, топ-топқа бөлінуін жете білудің дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесу заңдылығына түсіну үшін үлкен мәні бар. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады.
Дауыссыз фонемаларды айтылу (немесе артикуляциялық) орнына қарай әр ғалым түрліше топтастырады. Қ. Жұбанов дауыссыздарды үшке, Н. Сауранбаев беске бөлсе, I. Кеңесбаев дауыссыз фонемалардың жіктелісінің халықаралық терминдерін келтіре отыра сегізге жіктейді. Осы топтастыру Ғ. Әбухановтың, Ш. Бектұров пен М. Серғалиевтің еңбектерінде де кездеседі. Ал С. Мырзабеков бүгінгі таңда дауыссыз фонемаларды алтыға, Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің төл дауыссыздарын үшке топтастырады. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Айтылу
орнына
қарай

Ғалымдар

Қ.Жұбанов

Н.Сауранбаев

І.Кеңесбаев

Ғ.Әбуханов

С.Исаев

К.Аханов

Ш.Бектұров, М.Серғалиев

Ә.Жүнісбеков

С.Мырзабеков

ерін
(билабиаль)

п, б

п, б, м

п, б, м, (у)

п, б, м, у

п, б, м, у

п, б, м

п, б, м, (у)

п, б, м, у

п, б, м, у

тіс пен ерін
(лабиаль-денталь)


ф, в

ф, в

ф, в

ф, в

ф, в

ф, в


ф, в

тіс
(денталь)

т, д, с, з,
ш, ж


т, с, з, д, ц

т, с, з, д, ц, щ

т, с, з, д, ц, ж

т, с, з, д, н, л

т, с, з, д, ц



тіл ұшы
(альвеоляр)



н, л, ч

н, л, ч


ч, ш, р, ж

н, л, ч



тіл алды
(палаталь)


н, р, л,ч, ш, ж, й, т, с, д, з

р, ж, ш, й

р, ж, ш, й

р, ж, ш, щ, й, н, л, ч


р, ж, ш, й,щ

д, ж, з, л, н, р, с, т, ш

т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р

тіл ортасы
(препалаталь)


к, г

к, г

к, г

к, г

й

к, г

г-ғ, к-қ, й, ң

й

тіл арты
(веляр)


қ, ғ, х, һ

қ, ғ, х, ң

қ, ғ, х, ң

қ, ғ, х, ң

қ, ғ, х, ң, к, г

қ, ғ, х, ң


қ, ғ, х, ң, к, г

көмей
(фарингаль)

қ, ғ, к, г


һ

һ

һ

һ

һ


һ

Бұдан аңғаpғанымыздай, ғалымдардың дауыссыздарды топтастыруында әлі күнге дейін бір жүйе сақталмаған. Бұл дауыссыздарды түрлі қырынан, түрлі әдіспен қарастырғандықтан болса керек.
Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.
Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері ретінде қаралады. Олар мыналар: 1) фраза, 2) такт, 3) буын, 4) дыбыс.
1) Фраза - ең ірі фонетикалық бірлік. Бір фраза екінші фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін бірінші фразадан кейін пауза жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығады. Мысалы, Қонағын сүймеген баласын ұрады (мақал) деген сөйлемде екі фраза бар: оның бірі - конағын сүймеген, екіншісі - баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктіртен нәрсе - интонация. Интонация - өте күрделі құбылыс. Оны құрайтындар мыналар:
а) Мелодика. Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе бәсеңдеп барып қайта көтерілуі мелодика деп аталады. Әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі (мелодическая рисунка) болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі (құралы) ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліп төмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады.
ә) Сөйлеудің темпі. Темп сөйлеудің шапшаң немесе баяу болуы
дегенді білдіреді.
б) Сөйлеудің үдемелілігі. Сөйлеудің үдемелілігі айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді.
в) Сөйлеудің әуені. Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай, «көңілді» немесе «ойнақы», «қапалы (қайғылы)» немесе «қорқынышты (үрке сөйлеу әуені)» болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені (тембр голоса) деген бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас тенор, сопрано т.б.) мен дыбыс әуені (тембр звука) сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.
2) Такт. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Такт - фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тіл-тілдегі атауыш сөздердің әрқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болып бөліне алады. Ал көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды. Сондықтан олар өз алдына бөлек такт құрай да алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет