Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі).
Тіл білімі лингвистика (грек linqua - тіл), тіл және онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы - тіл. Тіл - адамның табиғи тілі. Тіл - таңбалар жүйесі. Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады. Тілдің осы аталған әртүрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы 1) сипаттама фонетика, 2) салыстырмалы-тарихи фонетика, 3) эксперименттік фонетика және тағы басқа болып сараланады. Лексикология, грамматика да дәл осындай. Тіл және оның жоғарыда аталған әртүрлі салалары үнемі даму үстінде болады. Ол даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму зандары бойынша дамиды.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әртүрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әртүрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы, белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни тілді белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика) деп аталса, соңғысы, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер - тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Белгілі бір тілді (оның жүйесі мен құрылымын) ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіру үшін және оның даму зандарын айқындау үшін, ол тілді және ондағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды туыстас тілдердегі бір тектес кұбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу қажет. Бұны салыстырмалы-тарихи әдіс деп атайды. Яғни тілдің табиғатын, оның даму зандарын айқындаудың басты шарты - тілдік құбылыстарды салыстыру және тарихи (өзгеру, даму) тұрғысынан зерттеу.
Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму зандарын айқындайтын жеке тіл білімі (мысалы, қазақ тіл білімі немесе орыс тіл білімі) бар да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі - нақты бір тіл туралы емес, адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады. Оларды жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулары мен қорытындылар жасайды. Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді.
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.
Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты зерттейді. Дүниежүзінде қаншама тілдер бар, дәл санын айту мүмкін емес, бірақ осы тілдердің барлығына ортақ заңдылықтар қалыптасқан. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы – тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болуынан. Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әртүрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс.
Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан негізгі күрделі салалар: