Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латынамерикандық және африкандық.
Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталып, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағынсудай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.).