Освальд Шпенглер- неміс философы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі.
Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның құлдырауы" атты кітабында тұжырымдалды (1920).
Шпенглердің ойынша, әрбір мәдениент өзінің жастық, ересек және қарттық шағын бастан өткереді.
Ежелгі мәдениетті ол алғы мәдениет деп атап, оны ауыл деп есептеді. Қаланың пайда болуымен байланысты рух пайда болады.
«Мәдениетті адамның қуаты өзінің ішкі әлеміне, ал өркениетті адамда ол сыртқы әлемге бағытталған». Яғни мәдениетке ең жоғары мақсаттар мен идеяларға ұмтылатын жанқиярлық, жоғары руханилық тән,
Өркениет болса, рухтың деградацияға ұшырап, жербауырлаған пендешілікке аяқ басып құлдырауы.