ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәріс тақырыбы: «Сана, рух және тіл» Мақсаты: философиядағы сана, рух және тіл болмысын пайымдау Алматы-2021
ЖОСПАР
Жан, рух, сана. Сана және ойлау.
Философиядағы сана болмысын пайымдаудың үш моделі.
Сана және бейнелеу. Сана және психика.
Сана құрылымы. Философиядағы тіл мәселесі
ЖАН
«Жан» (псюхе, анима) – деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрін, оның күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге (витальдық) бағытталған күш-қуатын айтамыз. Яғни, оны адамның дене құрылысымен өте тығыз байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де болады.