Сананың пайда болуы мәдениет дамуының абстрактілі ойлау мен өзіндік сана пайда болған біршама кейінгі кезі, немесе антропогенездің аяқталу уақытына сәйкес келеді.
Материалистік философия бойынша сана материяның бейнелеу қасиеті болып табылады. Бейнелеу тірі табиғатқа ғана емес, өлі табиғатқа, бейорганикалық дүниеге де тән қасиет.
Бейнелеу түрлері
Табиғаттағы бейнелеу эволюциясы:
Өлі табиғаттағы бейнелеу;
Органикалық дүниедегі бейнелеу;
Әлеуметтік ортадағы бейнелеу.
Тірі табиғаттағы бейнелеу формалары:
Тітіркену;
Сезіну;
Психика;
Сана.
Бейнелеу және психика
Психика – бейнелеудің жоғары формасы. Оған инстинкт, шартты және шартсыз рефлекстер негізіндегі организмнің сыртқы орта әсеріне жауабын жатқызамыз. Шартты рефлекстердің жүйесі жоғары дамыған жануарларға күрделі амалдарды орындауға мүмкіндік береді.