Дәріс тақырыбы№4 Ұғымдар, заңдылықтар мен құбылыстарды оқытудың әдістері мен түрлері Оқу нәтижелері



Дата07.10.2023
өлшемі55,2 Kb.
#113356

Дәріс тақырыбы№ 4 Ұғымдар, заңдылықтар мен құбылыстарды оқытудың әдістері мен түрлері Оқу нәтижелері:
- географиялық білім мен іскерлікті қалыптастыру әдістері мен әдістемелік жағдайларын жіктейді;
Дәріс жоспары
1. Теориялық білім дер қалыптастыру мәселелері. Географиялық ұғымдарды игеру ерекшеліктері.
2. Географиялық заңдылықтарды ашу әдістері
Дәріс тезистері
1.Ұғымдардың қалыптасуы – сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын және алынған білімдерді практикада қолдану арқылы жүзеге асатын біртұтас үрдіс.
Зерттеу мәселелерін мазмұндық жағынан ашуға тырыса отырып, алдымен орта сыныптарға географиялық білімдер шеңберін анықтап алу көзделді. Осы тұста қосындысы ретінде беріліп отырған және жеке нысан ретінде қаралатын су, ауа, топырақ және пайдалы қазбалардың басты және негізгі қасиеттері жайындағы элементарлық ұғымдарды қалыптастыруға көмектесетін білімдер жиынтығы біртұтастықта қарастырылады. Олардың өзара бір-бірімен байланысы, әрекеттесуі, әр түрлі жер бетінде таралуы, оның заңдылықтары география пәнінің зерттеу көзі. Бұл ғылым өзіне ауа райы, климат, топырақ, өсімдік, жануарлар, адамдар мен өндіріс орындары және олардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерді біріктіріп, бізді қоршаған дүниені біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Дүниеге деген кең де жүйелі көзқарас географияны Жер туралы басқа да ғылымдардан ерекшелендіріп, көптеген пәндер арасында жоғалып кетпеуіне жол бермейді. Сондықтан да, адамның ойлау әрекетінің жемісі ретінде пайда болатын ұғымдар орта сыныптарда оқытылатын дүниетану пәнінің білім мазмұнына енген. Мысалы, географиялық карта туралы ұғым географиялық білімнің құрамдас бөлігіне айналып отыр. Өйткені белгілі бір аумақты арнайы таңбалар көмегімен бейнелеп көрсету осы географиялық ұғымның негізгі бір бөлігі.
Орта сыныпта географиялық ұғымдар жүйесін топтау кейбір ұғымдарды меңгертуде теориялық білімге негіздеп, оны сөз арқылы талдау, жинақтау, түсіндіру, баяндау басым болса, кейбір ұғымдарды қалыптастыруда сарамандық, жаттығу, тәжірибе жасау және бақылау әдістері басым болатыны белгілі. Ұғым қалыптастыруды дұрыс жүзеге асыру үшін мұғалімнің қалыптасу кезеңін және дамытудың барысын біліп отыруы негізгі шарттардың бірі. Ұғым қалыптастыру бірден көзге түсе қоятын үрдіс емес. Орта сынып оқушыларында бұл өте күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Ал осы түсініктері болашақта дерексіздендіру негізінде ұғымға айналып, абстрактілі оймен жалғасады. Әсіресе орта мектеп жасындағы оқушыларда олардың зейіні, ойы, бір затты талдау үстіндегі танымдық іс-әрекеттері қатар жүре отырып және сол іс-әрекетте өздігінен белсенділік көрсету арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Талдау кезінде оқушылардың басқа пәннен алған ұғымдарымен байланыстыру ғана емес, кіріктіру басым орын алуға тиісті. Мәселен, жыл мезгілдерінің табиғаты туралы олардың ауа райындағы, жалпы табиғаттың өзгерісіндегі ерекшеліктерді талдау барысында оқушылардың ана тілінен жыл мезгілдерін суреттейтін көркем шығармалардан алған ұғымдарын міндетті түрде кіріктіру арқылы әр жыл мезгілінің ең басты көрінісін оқушының есінде мәңгі қалдыруға болады.
Орта сыныпқа арналған географиялық білімдердің ұсынылып отырған жүйенің мазмұнының жаңалығы логикалық-мазмұндық жайына сәйкес төменгі сынып оқушыларын пропедевтикалық даярлауда географиялық нысандарды, заттарды, құбылыстарды оқуда практикалық біліктіліктері мен білімдерін күшейтуде білім мен біліктіліктердің жетілдірілген мазмұнын меңгеруге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, осы танымның адам өміріндегі рөлін көре білуге бағытталады.
Орта сыныптарда берілетін географиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:

  • оқушыларға географиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін жетілдіру;

  • оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

  • білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;

  • оқушыларды географиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға жаттықтыру;

  • сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;

  • қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;

  • географиялық ұғымдарын қалыптастыру арқылы ғылыми білім беру;

  • танымдық, қарым-қатынастық, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет