Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


ДӘРІС 3. АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЗАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ



бет6/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

ДӘРІС 3. АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЗАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ.
Мақсаты: ас қорыту физиологиясы, ас қорыту жүйесінің негізгі функциялары туралы түсінік беру.
Жоспары:
1. Ас қорыту және ас қорыту жүйесі.
2. Ас қорыту жүйесінің функциялары.
3. Ас қорыту процесі :
А) ауыз қуысында ас қорыту.
Б). Асқазанда ас қорыту.
В). жіңішке ішекте ас қорыту
Г). тоқ ішекте ас қорыту.
4. Қоректік заттардың сіңуі.
1. Ас қорыту және ас қорыту жүйесі.
Ас қорыту зат алмасудың бастапқы кезеңі болып табылады. Адам азық-түлікпен бірге энергия және барлық заттарды өсу мен жаңарту үшін алады. Алайда, тағамдағы ақуыздар, майлар мен көмірсулар ағза үшін бөтен заттар болып табылады және оның жасушаларымен сіңірілуі мүмкін емес, сондықтан да сіңіру үшін олар күрделі, ірі молекулалық және суда ерімейтін қосылыстардан суда еритін ұсақ молекулаларға айналуы тиіс.
Ас қорыту жолы келесі бөлімдерден тұрады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек. Асқорыту бездері (сілекей, асқазан бездері, ұйқы безі, ішек бездері) ас қорыту жолында орналасады және асқорыту шырындарын бөледі. Ас қорыту жүйесінде тағам физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Тамақтың физикалық өзгеруі оны механикалық өңдеу, ұнтақтау, араластыру және еріту болып табылады.
Химиялық өзгерістер - ақуыздар, майлар, көмірсулардың ыдырау кезеңдері. Ас қорыту нәтижесінде ас қорыту жолдарының шырышты қабығымен лимфа мен қанға сіңеді
2.Асқорыту жүйесінің функциялары: ферменттер бар асқорыту шырындарын өндіруді қамтамасыз ететін секреторлық функция. Сілекей безі сілекей, ұйқы безі - ұйқы безі, бауыр – өт, ішек безі - ішек шырынын бөледі.
Тәулігіне ағзада 8,5 л. шырындар бөлінеді.
Ас қорыту шырындарының әрбір фермент тек белгілі бір химиялық қосылысқа ғана әсер етеді. Ферменттер ақуыздар болып табылады және олардың қызметі үшін белгілі температура, рН орта және т. б. қажет.Ас қорыту ферменттерінің 3 тобы бар.
- протеазалар- ақуыздарды амин қышқылдарына дейін ыдыратады
- липаздар- липидтерді глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады
- амилазалар - көмірсуларды моносахаридтерге дейін ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет