1 -Дәріс тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы “Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі” Жоспары: Алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдерге бөлінуі.
Палеолит дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.
Қазақстан жеріндегі мезолит және неолит дәуірлері.
Мақсаты: Адам және адам қоғамының, оның материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
Міндеті: Алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдерін қарастыру.
Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы туралы анық ұғым қалыптастыру; еңбек құралдарының дамуы адамдардың өмір салты мен ұжымының ұйымдасуына тигізген әсерін көрсету.
Дін мен өнердің ертедегі формаларының туындауын көрсету.
Шаруашылықтың жаңа салалары: мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуына баса назар аудару.
Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы қауым адамдарының өмірін оқып-зерттеудің тәрбиелік және білімдік маңызы зор, себебі мұнда адамзат дамуының ең ежелгі сатысы сипатталады, бұл тақырыпты меңгеру тарихты әрі қарай оқып-білуге негіз болатындығын да ескеру қажет.
Дәріс тезисі: 1. Адамзат тарихында алғашқы қауымдық құрылыс ең ұзақ кезең болған. Оның төменгі шегі б.д.д. 2,5 млн. жыл, ал жоғарғы шегі 3 мың жылдар аралығына сәйкес келеді. Археологиялық қазбалар негізінде тас дәуірі келесі кезеңдерге бөлінеді:
Палеолит (ежелгі тас дәуірі) – б.д.д. 2,5 млн. – 12 мың жыл;
Мезолит (орта тас дәуірі) – б.д.д.12 мың – 8 мың жыл;
Неолит (жаңа тас дәуірі) – б.д.д.5 мың – 3 мың жыл.
Өз кезегінде ежелгі тас ғасыры 3 кезеңді қамтиды, олар: төменгі, орта, кейінгі.
Төменгі палеолит үш дәуірге бөлінеді:
Дошель, немесе олдувай – б.д.д. 2,5 млн. – 800 мың жыл;
Шелль және ашелль – б.д.д.800 мың – 140 мың жыл;
Орта палеолит кейінгі ашелль және мустье дәуірлеріне бөлінеді – б.д.д.140 мың – 40 мың жыл;
Кейінгі палеолит ориньяк, солютре және мадлен дәуірлеріне бөлінеді, ол – б.д.д.40 мың – 12 мың жыл.
ІІ. Палеолит – адам және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңі.
№1 кесте.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.