1. ¥йымдастыру функциясының мазмұны 2. Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар 3. Ұйымдық құрылымға қойлатын талаптар 4. Өндірісті басқару құрлымының түрлері Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. ¥йымдастыру функциясының мазмұны Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті - еңбек әрекеті элементтерімен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау. Жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу. Оларды бөлімшелер мен салаларға орналастыру. Бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру аппараттағылардың барлығының жекеленген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Ұйымдастыру функциясы өндірісті ұйымдастырудың мынандай белгілі принциптері бойынша құрылады: мамандандыру, жүйелілік, шектеулік, жеделдік, икемділік, үздіксіздік және ырғақтылық.. Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін біругіуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.
Ұйымдастыру– бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жоспардың орындалуын ұйымдастыру функциясы қамтамасыз етеді. Себебі ұйымдастыру функциясы арқылы әрбір жеке адамның мамандықтарына қарай жауапкершілігі, лауазымы, қызмет орны анықталып, ұйымның құрылымы пайда болады.
Ұйымдастыру функциясының мақсаты – басқарушы жүйе мен басқарылатын жүйенің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұйымдастыру мамандықтарына байланысты еңбек бөлінісі арқылы адамдар еңбегінің тиімділігін арттырады.
Бұл жағдайда мынандай нақты шаралар жүзеге асады:
1. Басшы қызметкерлерді іріктеп, басқару жүйесін құру;
2. Басқару объекті мен басқарушы субъект арасындағы байланыстарды үйлестіру;
3. Басқарушы субъект ішіндегі өзара байланыстарды ұйымдастыру.
Басшының ең басты міндеті қол астындағы қызметкерлердің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге және сол міндеттерді барынша жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Ол үшін мынандай факторларды түсініп, білу керек:
1. Өкілеттілік – ұйым ресурстарын пайдалануға және қызметкерлердің күш-жігерін нақты бір мәселені шешуге бағыттауға берілетін мүмкіндік.