Жеткіншектің өзіндік сана сезімі және «Мен» бейнесі
Жеткіншек тұлғаларының негізгі жаңа құрылымдары. Биологиялық және әлеуметтік факторлар дамуға тікелей әсер етпейді. Олар даму процесіне ене отырып, қалыптасатын жаңа құрылымдырдың ішкі компоненттеріне айналады. Сондықтан да, жеткіншек жасты бір фактор әсерімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Л.С.Выготский пікірінше, жеткіншек жасты бір ережемен түсіндіре алмаймыз.Ол үшін осы кезеңдегі психикалық дамудың ішкі қозғаушф күштері мен қайшылықтары зерттеліп, осы жас кезеңін толық түсінуге мүмкіндік беретін және біріктіруші қызмет атқаратын орталық жүйелі жаңа құрылымдар талдануы керек.
Жас ерекшелік дамуды зерттеген көрнекті ғалым Л.И.Божович жеткіншек жас дағдарысын осы жастағы жаңа деңгейдегі өзіндік сана сезімнің туындауымен байланыстырады. Оның белгісі – өзін тұлға ретінде тану қабілеттері мен қажеттіліктерінің пайда болуы.Бұл қажеттіліктер жеткіншекті өзін нақтылауға, өзін көрсетуге (яғни, өзінің бойында құнды деп санайтын қасиеттерін көрсетуге) және өзін тәрбиелеуге ұмтылдырады. Осы қажеттіліктердің депривацияға ұшырауы жеткіншек жас дағдарысының негізін құрайды.
Жеткіншек жастың өткір фазасының жаңа құрылымы - жасөспірімдік сананың ерекше формасы- «есею сезімінің» пайда болуы. Бұл - жеткіншек жастың келгендігінің психологиялық белгісі. Ескеретін жағдай, жеткіншек жасының басталуының физиологиялық және психологиялық көрсеткіштері уақыт бойынша сәйкес келейді:есею сезімі жыныстық жетілуден ерте басталуы мүмкін. Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша,есею сезімі жеткіншектердің өзін басқалармен (ересектер мен құрбылары ) салыстыруға, еліктеу үлгілерін анықтауға,басқа адамдармен қарым- қатынас жасауға, өз іс-әрекетін қайта құруға негіз болатын,сананың жаңа құрылымы.
Есею сезімінің түрлерін Т.В.Драгунова анықтап,зерттеген:
Есеюдің сыртқы белгілеріне еліктеу – шылым шегу, құмар ойындар ойнау, спирттік ішімдіктер ішу , ерекше лексикада сөйлеу, киім кию мен шаш қоюда ересектер модасына еліктеу, бұлар есеюге жетудің ең жеңіл және ең қауіпті түрлері.Көңілді жеңілтек өмір стиліне еліктеу әлеуметтанушылар мен заңгерлер « бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігі» деп атайды. Және танымдық қызығушылықтар жоғалып, уақытты көңілді өткізуге деген бағдар қалыптасады.
Жеткіншек ер балалардың « нағыз жігіт » қасиетіне ұмтылуы. Бұлар күш, ержүректік, батылдық, шыдымдылық, ерік жігер, достыққа адалдық. Өзін тәрбиелеу үшін спортпен шұғылдану жолға қойылады.Бір қызығы,қазіргі заман қыздары да осы қасиеттерін иеленуге ұмтылады.
Әлеуметік ересектік. Көптеген іс-әрекет түрлеріндегі жеткіншек пен баланың серіктесуі шартында туындайды, бала ересектің көмекшісі рөлін атқарады. Бұл қиыншылықты бастан өткеріп жаткан отбасыларда байқалады.Жақындарына қамқорлық , олардың жағдайын жасау өмірлік құндылыққа айналады.
Интеллектуалды ересектік. Жеткіншектің бір нәрсені шынайы біліп, істей алуға ұмтылысы.бұл мектеп бағдарламасынан тыс танымдық іс-әрекеттің дамуын итемелейді.Жеткіншек білімінің мәнді көлемі өз бетінше жұмыстың нәтижесі.Бұл оқушылар үшін оқу тұлғалық мінге ие болады.
Э.Эриксон жеткіншек жастың негізгі жаңа құрылымы ретінде бірдейдікті алды. Ол-өзімен өзі теңдіктің үздіксіз субъективті сезімі. Әр жас кезеңінде адамды тура немесе жанамаланған түрде «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен не үшін жаратылдым?» деген сұрақтар мазаландырады. Жеткіншек жастың міндеті – осы сұрақтардың жауаптарын жинақтап, өзіндік сана сезімінің тұтастай бейнесін қалыптастыру. Бұл кезең ерекшелігі адам саналы түрде әдейілеп,шығармашылық тұрғыдан өзінің өмірлік ұстанымдарын қалыптастыра бастайды.
Э.Эриксон адекватты емес бірдейліктің дамуының төрт негізгі түрін көрсетті:
Жақын қатынастарды қашу. Бұл өзіндік бірдейлікті жоғалтып алудан қорқудан туады. Жақын тұлға аралық қатынастардан қашу формальдыққа,қатынастардың стериотиптілігіне, жақын тұлғалық қарым-қатынас амалдарының дамымауына ,оқшаулануға әкеледі.
Уақытты ескермеу.Жеткіншек болашаққа жоспар құруға қабілетсіз ( немесе құрғысы келмейді ) және есеюден қашады.Өзгерістерден қорқу,жаққа өзгеру мүмкіндігіне сенбеу,мұндай жеткіншектерде мазасыздану күрделенеді.
Өнімді еңбекке қабілеттеріне мән бермеу. Қандай да бір іс-әрекетте табыссыз болады .
Жағымсыз ( негативті ) бірдейлік - жеткіншектің өзінің жақындарының,отбасының арасындағы құндылықтар мен іс-әрекеттерге жағымсыз қатынасы.
Қоғамның қалыпты дамуына және бірдейліктің дұрыс дамуы үшін Д.Марсия сипаттаған таңылған бірдейлік те қауіпті – отбасының , қоғамның, діни топтың құндылықтарын сынсыз қабылдау. Өзін іздеуден қашу ригидтері ,консервативті, пайымдауға қабілетсіз тұлға қалыптастырады.
Жеткіншек өзіндік сана сезімінің қалыптасуын анықтайтын тағы бір маңызды құбылыс-эгоцентризм. Д.Эткинд жеткіншек эгоцентризмнің мінез – құлықтық көріністерін эксперименттік тұрғыдан қарастырады. Жеткіншектер бұдан сәл ертерек қалыптасқан қарапайым эгоцентризмді ығыстыра бастайды. Ерте балалық эгоцентризмді қоршаған орта құбылыстарын өзінің түсінігі бойынша ғана қарастырады және соны жалғыз дұрыс шешім деп түсінеді. Енді жеткіншек құбылысқа деген түрлі көзқарастардың бар екендігін түсініп,өзінің қайталанбастығын , даралығын ұғына бастайды. Олардың өзін талдауға бағалауға берілетін соншалық, басқалар да оны үздіксіз бағалап жатыр деген түсінікте болады.Жеткіншектер өз өмірлерін сахналандырып жібергендей болады:өзінің мінез-құлқына, сырт келбетіне,сезімдері мен ойларына,сонымен қатар ойдан құрастырып алған аудиторияның реакцияларын, көзқарастарын анықтап, ескерумен болады.Жеткіншек эгоцентризмді сыр бөлісетін құрбыларымен тығыз тұлғалық қарым –қатынас дамыған сайын баяулап, басылады.
Жеткіншек жасында баланың жеке кеңістігі географиялық тұрғыдан да( саяхаттануға қызуғышылық т.б ), әлеуметік қатынас тұрғысынан да (баланың қарым қатынас топтарының көбеюі, әдебиетке, саясатқа,экономикаға,және т.б деген жаңа қызуғышылықтың пайда болуы) кеңейе түседі. Өмірлік кеңістіктің кеңеюі уақыттық өлшем де жүреді. Алғаш рет болашаққа қатынас орнай бастайды. Жас қосқан сайын өмірлік перспектива ұлғайып,бұл тұлға дамуының негізгі фундаменталды факторына айналады.