Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет12/62
Дата16.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74796
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты. Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.
Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф.Гальтон (1822-1911). 1884 ж Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әр түрін, реакция уақыты және басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсыныстар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл ңпсихотехникаң деген атқа ие болды.
Бұл термин Д.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж Mind журналында Ф.Гальтонның қортынды сөзімен ңMental Tests and Measurmentң (ңАқыл-ой тесттері және өлшемдерң) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада ңПсихология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады ң.
1905 ж француз психологы А.Бине интеллектті бағалайтын бірінші тестті жасады. ХХ ғ. басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдылық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тесттердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тесттер жасады. Олар былайша жасалды: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметі табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарымен өзара байланысына негізделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланды. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1917 ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайк (1874-1949), Р.Йеркс (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Американ психологиялық ассоциациясы мен университтер бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалды. ңАльфаң әскери тестісі сауаттыларға, ал ңбетаң тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тесттеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.
Осы кезде Ресейде де психологиялық әдіс ретінде тесттер жасала бастады. Бұл бағыттың дамуы А.Ф.Лазурский (1874-1917), Г.И.Россолимо (1860-1928), В.М.Бехтерев (1857-1927), П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) есімдерімен байланысты.
Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға қарай арнайы шкаламен ңкүшің бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе санасыз әсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.
Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.
Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көзге елестету және сипаттауға бастады. Осындай зерттеулерге байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет