Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата07.01.2022
өлшемі455,55 Kb.
#20890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
      Терме  диктанты    -  мәтін  ішінен  өтілген  ережеге  сай  сөздер  мен  сөз  тізбектерін 

немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау 

үшін  өте  қажет.  Оқушының  ақыл-  ойын  дамытуға  көмектеседі.  Өзіндік  диктант-

бұрыннан  белгілі  бір  мәтінді  жазу  үшін  қолданылады.  Бұл  сын  жұмысты  жазу 

оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Бақылау  диктант  –  үлкен 

тақырыптарды  өткен  соң  жазылады.  Бұл  диктант  түрі  оқу  материалын  қаншалықты 

игергендігін  және  сауаттылық  деңгейін  анықтау  мақсатында  жүргізілетін  болғандықтан 

тоқсан аяғында алынады.  Көру диктанты- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін 

дамыту мақсатында жүргізіледі. Диктант мәтіні алдын –ала тақтада жазылады. Оқушылар 

2-3  мәрте    оқып,  естеріне  сақтайды.  Сосын  мәтінді  жауып,  естеріне  сақтап  қалғандарын 

жазады.  Жазып  болған  соң  мәтін  ашылып,  тексеру  жұмыс  жүргізіледі.  Қате  кеткен 

сөздермен  дыбыстық,  буындық  талдау  жүргізіледі.  Суретті  диктант  -  берілген    суретке 

қарап  атын  жазу    (заттың)  немесе  суретке  байланысты  сөйлем  құрау.    Сөздік  диктант

сабақтың  кез  келген  кезеңіндежүргізіледі.  Сөздік  диктантына  оқушыларға  фонетикалық 




тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин 

сөздер,  өтілген  жаңа  сөздер  жазылады.    Графикалық  диктант  -  мұнда  сөйлемнің  не 

сөздің  сызбалары  беріледі.  Сол  сызбаға  сәйкес  сөйлемдер  құрастырылып  жазылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет