№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары
Мәтін автордың ойын, оның шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін
дүниеге келеді. Мәтін арқылы қоршаған орта және ондағы түрлі қарым-қатынастар,
құбылыстар, сан түрлі жағдайлар т.б. туралы хабар беріліп, оны өзге адамдардың да оқуы,
естуі арқылы түсініп ұғынуына жағдай жасалады. Бұл күрделі қатысым әрекеті бір-
бірімен тығыз байланысып жатқан интра және экстралингвистикалық факторлар арқылы
жүзеге асырылады. Оған мәтін, мәтінді тудырушы - автор (адресант), мәтінді
қабылдаушы-оқырман, қабылдаушы-тыңдарман (адресат), бейнеленетін болмыс және
өзінің ойын жүзеге асыру үшін автордың талғап, сұрыптауы нәтижесінде қолданған тілдік
жүйесі жатады. Лингвистикалық бағыт мәтіннің тілдік ұйымдасуын анықтайды.
Антропоөзектік бағыт автор - мәтін - оқырман қарым-қатынасын зерттейді. Танымдық
бағыт автор – мәтін – болмыс арасындағы байланысты қарастырады.
Мәтіннің түрлері:
• ӘҢГІМЕЛЕУ (Оқиғаны баяндап, әңгімелеп айту. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды?
Қайтты?).
• СИПАТТАУ (оқиғаның, заттың түрін, түсін сипаттайды. Сұрақтары: Қандай? Қай?
Қайтіп?)
• ПАЙЫМДАУ (Кіріспеде айтылған ойды дәлелдеп, пайымдап түсіндіреді.
Сұрақтары: Неліктен? Не себепті? Не үшін?).
Достарыңызбен бөлісу: |