8 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар 8.1 СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар
№1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері.
1. Сауат ашу әдістемесінің ғылым ретіндегі негізгі белгілерін айқындау.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сауат ашу сабағына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды саралау.
3. Бастауыш мектептегі сауат ашудың білім мазмұнымен танысу, бағдарлама мен оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын талдау.
№2 Сауат ашу үдерісі. 1. Сауат ашудағы дамыта оқыту сабақтарының құрылымына талдау жасау.
2. Сауат ашу сабағына дайындық және жоспарлау.
3. Сауат ашу сабақтарын ұйымдастыру және оқушылардың өзіндік әрекетіне жетекшілік жасау.
№3 Сауат ашу әдісі. 1. Сауат ашу әдістері мен қазіргі технологияларына нақты мысалдар арқылы жан-жақты сипаттама беру.
2. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне талдау жасау.
3. Бастапқы оқуды қалыптастыру (буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу) әдістемесін көрсету.
№4 Жазуға үйрету әдістемесі. 1. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін талдау.
2. Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын қалыптастыру жайы туралы түсіндіру.
3. Көркем жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін талдау.
№5 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. 1. «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ні тіл дамыту тұрғысынан талдау жасау.
2. Сауат ашудың әр кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктерін айқындау.
3. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын мысалмен дәлелдеу.
СӨЖ-ге арналған тапсырмалар
№1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері. 1. Сауат ашу әдістемесінің зерттелу тарихына шолу жасап, конспектілеу.
2. М.Жұбанова, Ә.Жұмабаева, Н.Молдабековалардың сауат ашу әдістемесіне арналған зерттеу еңбектеріне жазбаша шолу жасау.
№2 Сауат ашу үдерісі. 1. Сауат ашу әдістемесінің дамуы, қазіргі проблемалары туралы еңбектерді оқып, конспектілеу.
2. С.Рахметованың «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» оқу құралынан «Сауат ашу әдістемесі» бөлімінің алғашқы 5 тақырыбын конспектілеу.
№3 Сауат ашу әдісі 1. «Сауат ашу технологиясының талаптары» тақырыбына реферат дайындау.
2. «Сауат ашудың» мазмұнын белгілейтін мемлекеттік құжаттарды (стандарт, бағ-дарлама, оқулық) талдап, кестеге түсіру.
3. Сауат ашуды дамыта оқытудың сабақ құрылымы үлгісін құрастырып жазу.
№4 Жазуға үйрету әдістемесі 1. «Жазуға үйретудің психологиялық-педа-гогикалық негіздері» тақырыбына реферат дайындау.
2. Әр қайсысы 4 қатардан тұратын 42 әріптің бас және кіші әріптерін, соларға қатысты сөздер мен сөйлемдерді каллиграфияны сақтап бір дәптерге жазып өткізу.
3. Жазу дәптерлеріне сипаттама жазу.
№5 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары 1. Сауат ашу кезеңдері бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары түрлерін кестеге түсіру. 2. Сауат ашу кезеңінде қолданылатын дидактикалық материалдар мен шығармашылық жұмыстарды көрсету.