Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары



бет9/15
Дата02.04.2023
өлшемі110,92 Kb.
#78352
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Дәрістер (1)

Асан қайғы шығармашылығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі.
2. Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы.
3. Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы.
4. «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы
деп келтірілуі.
5. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда
әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі.
6. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны.
7. Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу.
8. Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны.
9. Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің
т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы.
Асан (Хасан) Сәбитұлы – тарихитұлға, мемлекетқайраткері, ойшыл, ұлыжырау.Қазақхандығықұрылыпдербесмемлекетретінденығаябастағанкезеңдеқазақхалқымәдениетініңде өзіндік бет-бедері айқындала бастады. Көне түркілік поэзиядан бастауалған әдебиетіміз қазақұлтының мемлекеттілігінің қалыптасуымен ұлттық ойлаумен сезіну сипаты сақталған жыраулар поэзиясы түрінде жалғасып дамыды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест:
1. Асан қайғы өмірінің екінші жартысы қай ханның жанында өтті?
A) Әбілхайыр хан
B) Жәнібек хан
C) Тәуке хан
D) Абылай хан
E) Қасым хан
*****
2. «Бұл жерде Асан халық тілегінің жоқшысы Асан мұңы - халық мұңы. Оның атына жалғанған «қайғы» деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес» - деген пікірді айтқан кім?
A) Б.Кенжебаев
B) М.Әуезов
C) М.Мағауин
D) С.Сыдиқов
E) З.Қабдолов

3. Асан қайғы жөнінде тұңғыш тарихи-өмірбаяндық дерек қалдырған еңбек қайсы?


A) Қ.Халиди «Тауарих хамса»
B) Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди»
C) Қадырғали Жалайыр «Жамиғат Тауарих»
D) М.Мағауин «Қобыз сарыны»
E) М.Әуезов «Әдебиет тарихы»
4. Асан қайғының «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» толғауы кімге арналады?
A) Жәнібек ханға
B) Ежен ханға
C) Әбілқайыр ханға
D) Ұлұғ Мұхамедке
E) Керей ханға
*****
5. Қазақ ақын, жырауларының ішінде алғаш рет орыс тіліне аударылған кім?
A) Асан қайғы
B) Шалкиіз жырау
C) Доспамбет
D) Бұқар жырау
E) Шал ақын
6. Асан қайғының:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін? -
деген жыр жолдарында айшықтаудың қай түрі қолданылған?
A) эпифоралық қайталау
B) анафоралық қайталау
C) зарлай арнау
D) егіздеу
E) параллелизм
*****
7. Жағама қолдың тигенін
Жалғыздық сенен көремін
Жамаулы киім кигенім
Жарлылық сенен көремін -
деген үзіндінің авторы кім?
A) Асан қайғы
B) Шалкиіз жырау
C) Бұқар жырау
D) Үмбетей жырау
E) Ақтамберді жырау
8. Асан қайғының:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін? -
деген жыр жолдарында айшықтаудың қай түрі қолданылған?
A) эпифоралық қайталау
B) анафоралық қайталау
C) зарлай арнау
D) егіздеу
E) параллелизм
9. Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» деп кімді атайды?
A) Абылай ханды
B) Сыпыра жырауды
C) Бұқар жырауды
D) Шалкиізді
E) Асан қайғыны

10.Асан қайғы толғауларында айтылатын өзен атаулары


A) Есіл, Ақсу
B) Ойыл, Жем
C) Жайық, Еділ
D) Ертіс, Сырдария
E) Әмудария, Сырдария
Сұрақтар:
1.Асан қайғы толғауларының әлеуметтік мәні.
2. Асан қайғы туралы аңыздар мен тарихи шындық.
3. Асан қайғы толғауларының тақырыптық-көркемдік сипаты
4. Асан қайғы жыраудың толғауларын тудырып отырған тарихи кезеңді, тарихи оқиғаларды зерделеу;
5.толғаулардың тақырыбы мен өзекті ойын айқындау;
6. толғаудың ғибраттық, танымдық (адам болмысы, өлім-өмір, жалғыздық, дүниенің жаратылуы, дүние сырлары, діни-мифтік, қайғы-шер т.б.) жағын қарастыру,

  1. 7. Асан қайғы тіліндегі көркемдік тәсілдерді, тілдік ерекшеліктерді қарастыру арқылы толғаудың тілдік, көркемдік қырларын тану;




10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет