Дәріс тезистері дәріс Кіріспе. Адам анатомиясының тарихы, бөлімдері, зерттеу әдістері



бет6/15
Дата27.02.2023
өлшемі93,48 Kb.
#70374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс тезистері Адам анатомиясы 2022

Дәріс 6.
Ас қорыту жүйесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ас қорыту жүйесі
2. Ас қорыту жүйесінің құрылысы

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Асқорыту системасының әрбір бөлігі әр түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болып келеді. Ас қорыту органдарының көбі қуысты, олардың қабырғалары үш қабаттан түзілген. Кілегейлі (ішкі), біріңғай салалы ет (ортаңғы) және сір (сыртқы) қабаттары жатады.
Ауыз қуысы ас қорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы аңықталып, біршама химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Ауыз қуысына ауыз кіріберісі, қызыл ек, ұрт, қатты таңдай, жұмсақ таңдай, тіл, тіс, күрек тістер, кіші азу тістер, сүт тістер, үлкен азу тістер, сіле-кей бездері жатады.
Өңеш-ұзындығы 25-30 см, алдынан артына қарай бағытталып қысылған, бұлшық етті түтік, Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді. Одан көк ет арқылы өтіп, Х-ХI кеуде омыртқаларының тұсында асқазанға жалғасады. Орналасуына қарай өңеш үш бөліктен тұрады: мойын бөлігі, кеуде бөлігі, іш бөлігі.
Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады.
Бауыр - денедегі ең үлкен без, салмағы 1,5-2,0 кг. Бауырдың қызметінің негізгілері: зат алмасуына қатысады (көмірсу ақуыз, май және минералды тұздар алмасуына);Гомеостаздың (ішкі ортаның) тұрақтылығын сақтайды; Қандағы зиянды заттарды залалсыздандырады; Өт жасап шығарады: Гли-коген қоры жиналады, қандағы глюкозаның бірқалыпты мөлшерін сақтайды.
Өт қуығы бауырдың төменгі бетінде, оң жақтағы ұзын с айда орналасқан. Пішіні алмұртқа ұқсайды, оның мойны, денесі, түбі болады. Жалпы өт жолының ұзындығы - 7 см. Өттің түсі сары алтын түстес, сілті реакциялы. Тәулігіне 500-1200 мл өт бөлінеді.
Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын без. Оның қызметі тәулігіне 12 елі ішекке 2 литрдей сөл бөлінеді. Ұйқы безі іш қуысының артқы жағында, асқазанның артында, I-II бел омыртқаларының тұсында орналасқан.Ұйқы безі сөлінің бөлінуі жүйке жүйесі гуморалдық жолмен реттеледі. Ауызға түскен ас рефлекс жолымен ұйқы безін тітіркендіріп, 2-3 минуттан кейін ло сөл бөліп шығара бастайды.
Он екі елі ішек, ұлтабар жіңішке ішектің ең қысқа-бөлігі, асқазанның пилорик бөлігінен басталып, ащы ішекпен жалғасады, ұзындығы -21 см.
Тоқ ішек ас қорыту жолының соңғы бөлігі, жіңішке ішектің тікелей жалғасы, ұзындығы 1,5-2 м. Тоқ ішек-соқыр ішек, жоғары көтерілуші, көлденен, төмен бағытталған, қима тәрізді тік ішек болып бөлінеді.
Тік ішек ас қорыту жолының соңғы бөлігі. Ол кіші астауда орналасқан, соңы анал немесе артқы түтік. Ол жерде анал бағандары, ал аралықтарында анал қуыстары бар. Тік ішектің жоғары кең. Оны- ішектің «ампуласы» деп атайды, шырышты қабатында тік ішектің иілген тұстарымен тура келетін қатпарлары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет