Дәріс тезистеріне қосымша материалдар


ХХІ ғ. басы модерн балет және неоклассицизм



бет11/12
Дата28.03.2023
өлшемі68,79 Kb.
#76685
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
АртББ.Қосымша материалдар.Дәріс тезистеріне.2022.

ХХІ ғ. басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі.Б.Аюханов жетекшілік ететін Классик, би ансамблі республикалары балет өміріне 60- жылдары "Алматының жас балеті" би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылды. Ұжым - камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды ("Гамлет", музыкалық А.Исакова, "Қылмыс пен жаза", музыкалық Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты.
3. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
4.Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға(СемейПавлодарӨскеменАқмола (Астана), ҚостанайАқтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, ҮндістанҚытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет