Дәріс тезистеріне қосымша материалдар


Ғылым үнемі ізденісті, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті



бет3/12
Дата28.03.2023
өлшемі68,79 Kb.
#76685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
АртББ.Қосымша материалдар.Дәріс тезистеріне.2022.

Ғылым үнемі ізденісті, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.
4. Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жазқыскүзкөктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күздеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар
1.Діннің мақсаты неде?
2.Ислам философиясындағы дін.
3.Ғылымның діннен айырмашылығы.



1

№ 5
дәріс

Дәріс 5. Сәулет өнері, мемориалдық құрылыс, мүсін, қол өнер, сәуегейлік.
Ежелгі қала мәдениетінің ошақтары. Қыш өнері. Ою-өрнек. Зергерлік өнер. Темірді көркемдеп өңдеу. Ағаш өңдеу. Тері өңдеу. Сүйекке ою салу. Тас. Тігін өнері.Сәулет өнері, мемориалдық құрылыс, мүсін, қол өнер, сәуегейлік. Дәріс жоспары:
1.Ежелгі қала құрылыстары.
2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
3. Металлургия және темір соғу қол өнері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи - мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады. Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. 25 қала жұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Бірісыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавғар. Оңтүстік Қазақстанда қала үш бөліктен–Цитадель, Шахристан, Рабадтан тұрды. Цитадель - қала орталығының мықты қорғаныс айлағы болып табылатын бөлігі. Шахристан - қаланың негізгі орталығы. Рабад – шахристанның сыртында орналасқан қала сыртындағы қақпа. Қаланың осы ғасырдағы жаңадан енген белгі жаңалығы мешіттердің салынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет