Дәріс Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі442,25 Kb.
#136681
  1   2   3
Байланысты:
Психология Дәріс №5.pdf



Дәріс 5. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері
1.
Темперамент, мінез және қабілет. 
2.
Темперамент анықтамасы 
3.
Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. 
 
Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың 
динамикасы, бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін 
темперамент деп атаймыз. 
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес, жеке адамның табиғи 
құрылымына да тәуелді.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол 
эмоция мен ойлауға, ерктік қимыл қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. 
Бірақ темпераментке жеке адамның адамгершiлiктiк тәрбиесі, әлеуметтік бағдары 
әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. 
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған

Гиппократ,
кейіннен 
Гален
сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау 
арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. 
Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері 
Гиппократ 
болды. 
Гиппократтың пікірінше адамның тәнінде төрт түрлі сүйықтық болады: қан, шырын, 
сары және қара өт, олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат 
болады. Ағзадағы сүйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін 
анықтайды. Сүйықтардың аттарына орайлас қойылған темеперамент атаулары күні 
бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, холериктік темперамент- chole(өт), санвинигтік 
темперамент – sanguis (қан), флегмативтік темперамент – phlegma (шырын), меланхоликтік 
темперамент – melanoschole (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ /72/ 
темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді 
болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, 
үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. 
Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. 
Кейінен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, 
физикалық, анатомиялық, неврлогиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. 
Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді. 
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың /76/ ғылыми 
еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай 
сипатталатындығын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет