Тұрғындардың өмір сүру ортасының ластануы. Қазіргі қалалардың ең негізгі қиындығы- қоршаған ортаның ластануы және деградациясы. Атмосфералық ауаның ластануы қала тұрғындарына және қала объектілеріне жағымсыз әсер етеді.
Жерге жақын атмосфералық қабатқа қышқыл жаңбыр және химиялық қосылыстар түсуі бетондық құрылыстарға, металл жамылғыштарына және қоршауларға зиян келтіреді. Тұрғындар айна, жиһаздардың тез кірленуі, үй өсімдіктердің өлуі, жағымсыз иіс, үйге ауаның кірмеуі және т.б назарландырады.
Ауаның ластанануынан өсімдіктер өте көп зардап шегеді. Шаң жапырақтарға түседі, нәтижесінде фотосинтез процесі жүре алмайды, жапырақтар сарғаяды, ағаштың өсуі төмендетіледі, тез өледі.
Сонның нәтижесінде ауа ластанады. Завод, фабрикадан шығатын түтін де әсер етеді. Тіпті мыңдаған километр жерлерге дейін өсімдік дұрыс өспейді.
Осыдан мекенде көкіністерді зерттегенде химиялық-металдық заттар табылды. Мысалдағы, қиярдағы қорғасының концентрацияның рұқсат ауытқуларының (КРА) мөлшері 10,6 есе, кадмий-16,8 есе, мырыш -4,8 есе артық. Қызылшада қорғысын 2-6 есе, мырыш-1,5-5 есе және 1,5-3,3 есе мыс артық. Орамжапырақтағы қорғасын мөлшері максималды 2,6мг/кг құрайды, (52 КРА), мырыш-21,4 (2,14КРА).
Әр қала өзінің құрылыстарымен ғана емес сонымен қатар ластану дәрежесімнен ерекшеленеді. Әр қаланы зерттеу біздің парызымыз. Кейбір мәселелерді шешу үшін қала моделін жасау керек.
Мысал ретінде 1млн. тұрғыны бар халықты шартты қала нысанына алайық (Б.Б.Прохоров, Ю.Н.Лапин, 1985). Берілген модель бойынша бұл қала көпқұрылымды, онда негізгі өндірістің түрлері берілген. Қаланың үлгісін құру үшін материал ретінде әр түрлі әдеби шығармалардан алынған қалалар туралы мәліметтер қызмет етті. Үлгі баланс қағидаларымен құрылған: кіргенде – халыққа керек шикізаттар, шыққанда – атмосфераға және табиғи суларға шығарулар.
Достарыңызбен бөлісу: |