Дәріс валеология денсаулық туралы ғылым



бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі25,01 Kb.
#70579
1   2
Байланысты:
Лекция-2

- өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.)
- өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, манера, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категроия.
- өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория.
Өмір салты критерилері мен бағалаудағы ерекшеліктерге қарамастан халық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролі барлық халықаралық денсаулық сақтаумен мойындалған.
Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп аталады:
демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар, қашқындар;
кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, транспорт және т.б.);
функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер;
- төмен материалдық, кедейллік, қайыршылық өмір деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар»:
- девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. коллизий адамдар: алкаголиктер, нашақорлар, токсикомандар, проституткілер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар (невропаттар, психопаттар және т.б.); психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т.б. сектанттар;
Барлық аурулардың ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың орны ерекше, олардың тізімін медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша немесе жеңілдетілген шаралар қабылдау мақсатында үкіметпен белгіленеді: онкологиялық және қатерлі қан аурулары, диабет, ревматизм, жүйелі қызыл жегі, балалар церебральді параличі, психикалық аурулар, миокард инфаркті және т.б. .
Денсаулықтың әлеуметтік детерминациялығын мойындау денсаулық мәселесін әлеуметтік тұрғыдан кең түрде қарастыру қажеттігіне негіз болды, сонымен қатар денсаулықты қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының тікелей жауапкетшілігі мен міндеті аясынан шығып кетеді. Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмысберуші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет