Дәріс Зерттеу бағыттарын анықтайтын ғылыми техникалық прогрессі Мақсаты



бет2/2
Дата04.09.2023
өлшемі22,45 Kb.
#106030
1   2
Байланысты:
лекция 1

Тарихи салыстыру – әдістің бұл түрі жануарлардың әр уақыттағы жағдайларын баяндап, табынын, тұқымдарын зертейді. Өнімділікпен салыстырғанда, экстерьерлер белгілі уақыт көрсеткіші болып табылады (ай, жыл, жыл қатары )осы фактолар жануарларға қалай әсер еткенін байқауға болады (іріктеу, сұрыптау, құрамының талаптары содержания, деңгейі и азықтандырылуы).
Логикалық әдіс – бұл әдіс түрі жаңа гипотездер мен жаңа қорытындыларды құрайды, және бұл әдістерді тексеріп отыру керек.
Тәжірибелік әдіс – зоотехнияда ең негізгі бағыты болып табылады. Тәжірибелік –берілген объектті зерттеу немесе жасанды түрде жасап,оны қалыпта ұстау әр жануарлардың әртүрлі әсерлерге жауап беруін айтады. Қазіргі кезде зоотехниялық тәжірибелік әдіс мал шаруашылығындағы маңызды зерттеу болып табылады. Қарапайым тексеруден қарағанда, тексерудің алар орны ерекше. Одан басқа, мал шаруашылығындағы зерттеу ғылымдығы тәжірибелік жетістікке алып келеді.
Зоотехниялық тәжірибе физикалық, ғылыми-шаруашылық және өндірістік болып бөлінеді. Зоотехниялық тәжірибе осы тұрғыдан алғанда салыстырмалы болып келеді, өйткені, бұнда бір тұқымды жануарлар мен бір тұқымды емес жануарлардың ұқсастықтарын зерттеледі, түріне, тұқымына, жынысына, жасына, өнімділігіне байланысты.
Физикалық әдіс (ғылыми) – сол және одан басқа деңгейде физикалық, биохимиялық, микробиологиялық, генетикалық әдістер шаруашылық негізде жүргізіледі. Ғылыми-шаруашылықта және тәжірибелік немесе одан өзге түрінде қолданылады. Көбінесе физикалық әдісте тәжірибе жүзінде азықтандыру және ас қорытуда процессі зерттеледі.т.б. Ғылыми-шаруашылық әдіс – зоотехнияда ең негізгі әдіс болып табылады. Әдеттегі өндірістегі процессте жүргізіледі.Жануарларда болатын әртүрлі факторлардың әсерін өндірістік шаруашылықта зерттейді.
Өндірістік (шаруашылық) әдіс – барлық техникалық және экономикалық әдіс көрсеткіштерін ғылыми-шаруашылықта дәлелдеуге көмектеседі. Алынған көрсеткіштер арқасында шаруашылыққа тиімді жағын, малдардың санының өсуі, дәрежесінің жоғарылауы тәжірибеде үлкен рөл атқарады. Бірақ ғылыми шаруашылық тәжірибеде малдар саны шектеулі, сондықтан қарапайым өндірістік жағдайда бұл көрсеткіштер аз көрсеткішті немесе тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан, ғылыми-шаруашылық өндірістік сынның және шаруашылық талаптардың көрсеткіші
3. Құрылымдық зерттеу барысында.
1. Тақырыптың таңдалуы және тапсырмаларды құру. Тақырып қолданылған әдебиеттермен және оның алдында қолданылған жұмыс қорытындысымен байланысты болуы мүмкін. Одан басқа, бұрын қолданылған зерттеулер болуы мүмкін, бірақ жаңа құралдарда жаңа әдістермен. Жұмыстың тақырыбын ойлап табу, әлі табылмаған байланыстардан тууы мүмкін. Содан кейін жұмыстың тапсырмасы құрылады, онда алғашқы тізімдегі әдіс және шешілмеген мәселелер шешіледі.
2. Ақпарат жиыны. Техникалық және теориялық тапсырмаларды жүйелеу және ұқсас мәліметтерді, мәселе жиынтығын шешу. Көршілес ғылыми аумақтарда, ақпараттарды іздеу қажет. Барлық жиналған ақпараттар арнайы карточкаларда сақталады, және мұқият парақталып қаралады. Карточкада автордың ФИО жазылады, жұмыстың тақырыбы, қай жерде басып шығарылғаны, шығарылған жылы, парақ беттерінің саны және қысқаша мәліметтері көрсетіледі.
3. Бастапқы гипотеза. Гипотеза – ол қандайда бір көрініс немесе әлі айтарлықтай тексерілмеген ғылыми болжам. Гипотеза ол көбіне орнатылып қойылған ғылыми зерттеулерден кейін және көптеген әдебиеттік шолулардан кейін қойылады. Бұл кезең нақты тұжырымдаудан, зерттеу тапсырмаларынан, сараптамалардан және жинақталған тапсырмалардан құрылады. Көбіне бірнеше гипотездер жүргізіледі, олар келесі түрде жүргізіледі немесе жоққа шығарады немесе растайды.
4. Өңдеу және тәжірибелік әдістемелік әдістер. Барлық ғылыми-зерттеулік әдістің дұрыстығы, әдістемелік жасалған жұмыстардың дұрыстығы. Сондықтан бұл кезең өте маңызды кезең болып есептеледі. Көбінесе, әдістемелік зерттеуден кейін, мамандардың жиналысы және одан кейін жұмысты талқылау жүргізіледі.
5. Тәжірибе. Әдістердің нақтылануы қатаң түрде жүзеге асады. Тәжірибе кезінде империялық тексеру жүргізіліп гипотезіне қарсы келеді. Одан басқа, тәжірибе алмасу кезінде жұмысшы гипотезын қарағаннан кейін олардың түрін өзгертеді, бұндай тәжірибені тексеру әдісі дейді, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.
6. Берілген тәжірибені өңдеу. Оны жұмысты аяқтағаннан кейін жүргізеді, ол вариациялық статистикалық (биометрии) әдісімен сәйкес келеді. Ереже бойынша, орташа арифметика, орташа қателік,өзгергіштік коэффициентін, маңыздылық деңгейін, ережелердің нақтылығы алынып нақтыланады.
7. Қорытынды. Басты құрамы қысқаша көрсетілген зерттеулер анық және нақты болуы керек.
8. Енгізуге дайындау.Бұл кезең қорытынды кезең болып табылады, бұнда ғылыми зерттеулердің және ауыл шаруашылық өндірістердің көрсеткіштерін енгізу кезеңі. Ғылыми зерттеулердің көрсеткіштерін енгізу алдында мал басы санының өндірістік көрсеткішін анықтау керек. Ғылыми өңдеу әрекеттері расталады және енгізіледі.


Бақылау сұрақтары:
1.Ғылыми зерттеулер өзіне не қосады?
2.Зерттеу құрылым кезеңі өзіне не қосады?


Әдебиеттер:
1.Кузнецов, И.Н. Научное исследование: Методика проведения и оформления/ И.Н. Кузнецов. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2004. – 432 с.
2.Трифонова, М.Ф. Основы научных исследований / М.Ф. Трифонова, П.М. Заика, А.П. Устюжанин. – М.: Колос, 1993. – 239 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет