Стандарттауды ақпараттық мәліметтермен қамтамасыздандыру Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан экономикалық нарықтық қарым-қатынаста болуы басқару органдарының алдына өндірілетін өнім туралы ақпаратты мәлімет алу проблемаларын қоюда.
Бұрында орталықтандырылған жүйе бойынша ГОСплан, Госснаб ресурстары, сала министрліктері, ведомстволары өнім туралы ақпараттық мәліметтерді және өндірілетін өнім номенклатурасының каталогын шығаратын.
Автоматты басқару жүйесінде ақпаратты мәлімет ретінде ауыл шаруашылығы және өндіріс өнімінің жалпы одақтық классификаторлары қолданылған.
Бұрынғы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірістер, кәсіпорындар байланысының бұзылуына байланысты қазіргі заманда актуалды проблемалардың бірі болып өндірістік өнім туралы ақпараттық мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу болып табылады /дайындаушылар шикізат, қосалқы бөлшектер, қондырғылар, құралдар туралы қажетті мәліметтер алуы қажет/.
Отандық және шетелдік тәжірибелерді талдап зерттеу арқылы өнім туралы ақпараттың қазіргі замандағы тиімді жағдай өнімді каталогтау жүйесі.
Өнімді каталогтаудың мемлекеттік жүйесінің негізгі нысандары:
елімізде және аймақтарда өндірілетін өнімдердің номенклатура есебін автоматтандыру;
өндірілетін өнім және олардың негізгі сипаттамасы туралы аналитикалық ақпаратпен мемлекеттік, жергілікті басқару органдарын қамтамасыз ету;
өнімнің негізгі сипаттамасы, оны дайындаушылар мен нормалы құжаттар туралы ақпаратпен кәсіпорындарды және тұтынушыларды қамтамасыз ету.
Өнім каталогтаудың мемлекеттік жүйесі тұтынушыларға берген ақпаратты келесі мәселені шешуге мүмкіншілік береді:
- әзірленетін және өндірілетін өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін бағалау;
- маркетинг зерттеуін жүргізу арқылы нарық орнын табу;
- кәсіпорындар кооперациясын құру;
- алдыңғы қатарлы жетісіктерді ескере отырып өнімді стандарттау жұмыстарын өткізу;
- қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік туралы стандарттаудың міндетті талабын орындауды қадағалау;
- міндетті сертификаттауға жататын нақты өнімдер туралы ақпараттар ұсыну.
Техникалық - экономикалық және элеуметтік ақпарат. Объектілерді жіктеудің негізгі әдістері иерархиялық және фасетті болып екіге бөлінеді.
Жіктеудің иерархиялық әдісін былай сипаттауға болады. Алғашқы біршама объектілерді-бірнеше объектілерге, оларды ары қарай тағы бірнешеге бөлу. Осы жағдайда біршама объектілер класстарға, топтарға, түрлерге өздерінің негізгі көрсеткіштері арқылы "жалпыдан-жекеге"принципі арқылы бөлінеді. Бөлінген топтар немесе кластар бір-біріне бағынышты болады /жоғарыдан-төмен/.
Объектінің иерархиялық жіктеуі мына ретпен құрастырылады:
- бірнеше объектілер анықталып нақты мақсатты шешуге оларды жіктеу қажет /көп адам, кәсіпорын, процестер/;
- негізгі көрсеткіштері анықталады /қажеттері, сипаттамасы, көрсеткіштері, параметрі т.б./ олар арқылы көпшілік тағы көпшілікке бөлінеді.
- көрсеткіштердің жүру реті анықталады-бөліну деңгейі және олардың саны.
Жіктеудің фасетті әдісін былай сипаттауға болады. Бірнеше объектілер, бірнеше тәуелсіз объектілерге бөлінеді, олар өзіне тән белгілі көрсеткіштер арқылы бір мақсатты шешуге бағытталған.
Фассетті әдістің ерекшелігі оны құрастыру барысында объектінің нақтылы әр түрлі сипаттамасынан нақтылы бір көпшілік объектісі құрастырылу принциптеріне сүйенеді.