Қызмететуді сертификаттау Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына /әрі қарай ДСУ/ кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасында Бас келісіміне /ҚСБК/ қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвистицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы кағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде - шаштараз, монша, тұрмыстық, радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.
Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді. Қызмет етудің кауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткішгер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуді де орындалуы қажет.
К,азақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу /ҚР Е 3.24-94/, химиялық тазарту мен бояу, турістік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа қалыптасып келеді.
Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей /міндеттілігі және өз еркімен, үшінші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б./. Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы т.б.
Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес /қасиетінің өзгеруі, жасауы, т.б./ және моральдық-психологиялық рухына әсер ету деп екіге бөлуге болады.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігі, көрсетілген қызмет етудің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсететін қызметке байланысты таңдап алынады.
Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындау-шының кәсіптік деңгейін аттестациялау /шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді/ қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі.
Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң ережелер, негіз болатын стандарттар, классификаторлар пайдаланылады. ҚРСТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық технологиялық құжаттар рецептор және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.
Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.
Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.