Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)



бет22/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)
Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Өзбек ханның империялық саясаты (Гийас ад Дин Сұлтан Мұхаммед хан). Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Египеттегі Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстар орнату, ортағасырлық әлемдегі империяның беделінің өсуі. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары.Еуразиядағы оба пандемиясы. Алтын Орданың әлсіреуіне және ыдырауына әкелген сыртқы және ішкі факторлар кешені. Ұлыстар арасындағы күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.
XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы). Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшінМәуереннахрлық билеушілермен күрестер.
Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Шыңғыс хан әулеті мен моңғол ұрпақтарының исламға айналуы, Жетісудағы мұсылман мәдениетінің жандануы. Моғолдардың Мавераннахр шағатайлықтармен қарым-қатынасы. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы.Моғолстанның Темір мемлекетіне вассальдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі. Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Хандықтың ыдырауы.
Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі, Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.
1.Монғол империясының құрылуы
2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы
3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
4.Жаулап алудың зардаптары
5.Ұлыстардың құрылуы
6.Қорытынды
1. Қазіргі Монғолияның жерінде ХІІІ ғасырдың басында Керей,найман,жалайыр хандықтардың шекарасына іргелеп жатқан монғол тайпалары бірде тату,бірде арыз өмір сүрген .Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темужін) 1155 жылы (1162) Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында Есугей батырдың отбасында туған.темужін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады.1206 жылы Онон өзенінің жағасында өткізілген құрылтайда ақ туды желбіретіп хан етіп Темужінді сайлайды. Монғолдарды жеңіске жеткізетін хан Жеңісхан болсын деп,бата берген.Жеңісхан деген сөз монғолша «Шыңғысхан» деп аталып кеткен.
2.Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлер болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.Әрбі р түменде 10 мыңнан адам болды.Түмендер аймаққа бөлінді.
Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар оң қанат (Барунгар), сол қанат (жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» деп аталады. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды.
3. Шыңғыс хан Монғолия жеріндегі түркі тілдес хандықтардың қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208ж халықтарын басып алды.
Өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғыс хан . енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді.
Шыңғыс хан Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жолға шығады. Отырар билеушісі Қайыр хан Хорезмшахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратады.
Осы кезде «Отырар күйреуі» атты кинофильм туралы айтылады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-Хажиб моңғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін, жеңіліске ұшыраған.
4. Моңғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің өзінде қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды.
Монғол шапқыншылығы қалалы мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Отырықшылық мәдениет тоқырады. Елдер арасында қарым-қатынас мүлде тоқтады. Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық дамудың барысында орасан зардаптарын тигізді.
5.Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қалады . Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Жошы ұлысы, Жошы Шыңғысханның үлкен баласы оных ұлысында шығысы Ертіс өзенінің басты Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлер болды.
Шағатай ұлысы. Шағатай Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан(Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген . Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы.
Үгедей ұлысы. Үгедей-Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай,Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған.
Кіші баласы Төле Монғолия жерін билеген. Ұлыстардың арасында билік, талас-тартыс күшейе берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет